Iшкі су көлігі туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі № 574-II Қазақстан Республикасының Заңы (2026.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

3) ішкі су көлігі кемелерін, порттарды, ішкі су жолдарында жағалау объектілері мен құрылыстарды пайдалану;

4) ішкі су көлігі кемелерін сақтау;

5) ішкі су көлігі кемелерін тасымалдау және тіркеп тарту;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) ішкі су көлігі кемелерін жою және кәдеге жарату техникалық реттеу және стандарттау объектілері болып табылады.

 

15-2-бап. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 15-3-баппен толықтырылды

15-3-бап. Ішкі су жолдарындағы ішкі су көлігі кемелерін жасау, порттарды, жағалаудағы объектілер мен құрылыстарды салу (құрылыс жүргізу, жөндеу, қайта жаңарту) кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары

1. Ішкі су жолдарындағы ішкі су көлігі кемелерін жасау, порттарды, жағалаудағы объектілер мен құрылыстарды салу (құрылыс жүргізу, жөндеу, қайта жаңарту) кезінде жобалық құжаттама мен Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету қажет.

2. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Егер ішкі су жолдарындағы ішкі су көлігі кемелерін жасау, порттарды, жағалаудағы объектілер мен құрылыстарды дайындау процессінде немесе одан кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сынақтар жүргізу қажет болса, онда олар жобалық құжаттаманың барлық талаптары орындала отырып, толық көлемде жүргізілуге тиіс.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Әрбір кемеде корпусына жазылатын тіркеу нөмірі таңбалануға тиіс. Таңбалау көрінетін, анық және өшірілмейтін болуға тиіс.

5. Кеме адамдардың борт жиегінен құлау тәуекелін мейлінше төмендететіндей етіп әзірленуге және борт сыртында қалғандарды құтқаруды қамтамасыз етуге тиіс.

6. Негізгі рульдік басқару орны айнала шолуды қамтамасыз етуге тиіс.

7. Кеме пайдалану жөніндегі нұсқаумен жабдықталуға, онда өрт және су басу қатеріне баса назар аударылуға тиіс.

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 15-4-баппен толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 15-4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15-4-бап. Iшкi су көлiгi жолдарындағы iшкi су көлiгi кемелерiн, порттарды, жағалаудағы объектiлер мен құрылыстарды пайдалану кезіндегі қауiпсiздiк талаптары

1. Кеме қатынасы процесiне байланысты iшкi суда жүзетiн кемелер, iшкi су жолдарындағы порттар, жағалаудағы oбъектiлер және құрылыстар қауiптiлiгi жоғары аймақтар болып табылады және Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиiс.

2. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын палубалы шағын көлемді кемелер палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидаларының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

4. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелерді және олардың тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану Шағын көлемді кемелерді және олардың тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүзетін кемелердің кеме жүргізушілері кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өтуге және оларда өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігі өзімен бірге болуға тиіс.

Шағын көлемдi кеменi басқару құқығына куәлiк берудi, кеме жүргiзушiлерiн даярлау бағдарламасын келiсудi және шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстарды есепке алуды жергілікті атқарушы органдар Кеме жүргiзушiлерiн шағын көлемдi кеменi басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

Ұйымдар шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстардың ашылуы кезiнде жергілікті атқарушы органға:

1) оқытушылар құрамы үшін су көлiгi мамандығы бойынша жоғары немесе орта техникалық бiлiмi туралы дипломдарының көшiрмелерiн;

2) кеме жүргiзушiлерiн шағын көлемдi кеменi басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес, шағын көлемдi кемелердің кеме жүргізушілерін даярлаудың үлгі бағдарламасы негізінде әзiрленген шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі оқу бағдарламасын;

3) оқу процесін ұйымдастыру үшiн меншiк құқығындағы немесе жалға алған үй-жайдың болуын растайтын құжаттың көшiрмесiн қоса бере отырып, қызметтің басталғаны туралы хабарлама жiбередi.

Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен беріледі.

Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі курстарды ашқан ұйымдар жергілікті атқарушы органға шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау бағдарламасы бойынша оқудан табысты өткен адамдардың тізімдерін жіберуге міндетті. Оқудан өткен адамдар туралы ақпаратты беру тәртібі Кеме жүргiзушiлердi шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларында айқындалады.

 

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді

16-бап. Кемелерді сыныптау және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

1. 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды  (бұр.ред.қара)

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Сыныптауға, техникалық байқауға және куәландыруға ішкі суларда жүзетін кемелер, «өзен-теңізде» жүзетін кемелер мен палубалы шағын көлемді кемелер жатады.

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Кеме қатынасының тiркелiмi кемелердiң техникалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн кемелерді өтеусіз негізде куәландыруды жүзеге асырады.

Бұл ретте кеме иесінің кінәсінен қайтадан куәландыру, кезектен тыс куәландыру кеме иесінің есебінен жүзеге асырылады.

 

2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-бап өзгертілді

17-бап. Ішкі су көлігі саласындағы бақылау мен қадағалау

Ішкі су көлігі саласындағы бақылау мен қадағалауды аумақтық бөлімшелер:

1) 2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) кеме қатынасының су жолдарын және навигациялық жабдықтар құралдарын тиісінше күтіп ұстауды бақылау және қадағалау;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) кемелердің, салдардың және ішкі су жолдарында орналасқан өзге де жүзу объектілері мен құрылыстарының кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сай болуын тексеріп қарауды жүргізу;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етудің талаптарына сай келмейтін кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін ұстау;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) кемелерді пайдалану қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, жүктердің сақталуына қатер төнген кезде кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектілерінің қозғалысын тоқтата тұру және оларға тыйым салу;

6) кеме иелерінің, кеме экипаждары мүшелерінің, ішкі су жолдарындағы кеме қатынасын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасына сәйкес кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын орындауын бақылау және қадағалау;

7) - 9) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) ішкі су көлігінің жұмыс істеуін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру;

11) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

13) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

14) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

15) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар талаптарының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

16) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17) тармақша жаңа редакцияда

17) қайта жабдықтау салдарынан кеменің техникалық деректері өзгерген жағдайда шағын көлемді кемелерді қайта тіркеуді жүргізу;

18) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

19) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

20) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

21) тиісті мамандарды шағын көлемдi кемелер мәселелері жөніндегі сараптамаларға қатысуға тарту;

22) 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

23) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру арқылы іске асырады.

24) 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 17-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 17-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 17-1-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17-1-бап. Аумақтық бөлімшелердің кемелерді қарап-тексеруді жүргізуі

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Кемелерді қарап тексеру кеменің (оның мемлекеттік тіркелген орнына қарамастан), экипаждың кемелерді қауіпсіз пайдалануды регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін анықтау мақсатында жүргізіледі. Кемелерді қарап тексеру капитанның немесе бірінші штурманның (капитанның аға көмекшісінің) қатысуымен тұрақта тұрған, сол сияқты жүзіп келе жатқан кезде де жүргізілуі мүмкін.

Ішкі суларда жүзетін кемелерді қарап тексеру навигацияаралық кезеңнен кейін, ал «өзен-теңізде» жүзетін кемелерді теңізде пайдаланғаннан кейін олар ішкі су жолдарына кірген кезде жүргізіледі.

Кемелерді бақылау мақсатында қарап тексеру навигация кезеңінде екі айда бір реттен жиілетпей немесе көлік оқиғасы болған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайда жүргізіледі.

2. Өздігінен жүзетін кемелерді қарап шығу кезінде мыналар тексеруге жатады:

1) осы Заңның 23-бабында көрсетілген кеме құжаттары (болуы, жарамдылық мерзімдері, оларды жүргізу тәртібі);

2) штат кестесі мен кемені пайдалану режимі мен экипаждың жұмысы туралы кеме иесінің бұйрығы (немесе басқа құжат);

3) ішкі су жолдарының навигациялық карталары;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) вахталық, штурмандық, жалпы кеме қызметтерін, адамдарды құтқаруды ұйымдастыру жөніндегі кеме іші құжаттамасы (саны, жүргізу сапасы):

вахталар кестесі;

дабылдар бойынша кесте және экипаж мүшелерінің жеке карточкалары;

ауа-райы болжамдарының журналы (тігіні);

жол ақпараттарының және кеме жүргізушілерге берілген хабарламалар журналы (тігіні);

5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының, кеме атауының (нөмірінің) және борттарындағы тіркеу нөмірлерінің, корпусында жүк маркасының болуы және жай-күйі;

6) кеменің (құрамның) жүзу ауданының разряды мен жағдайына, құрамдарды қалыптастырудың және жолдар габариттерінің үлгілік сызбаларына сәйкестігі;

7) жолаушылар сыйымдылығы және жүк көтергіштік, борттың су бетіндегі биіктігі (жүк маркасы бойынша) нормаларын сақтау, кемені басқару постынан көруді қамтамасыз ету;

8) жарықтық және дыбыстық сигнал берудің болуы және жұмыс істеуі;

9) навигациялық, штурмандық және электрлі радионавигациялық приборлардың өзен кеме қатынасы нормалары бойынша болуы мен іс-әрекеті;

10) ұжымдық және жеке құтқару құралдары, пиротехникалар, авариялық жабдықтау санының кеме қатынасы тіркелімі нормаларына сәйкестігі, олардың маркировкаларының, орналасуы мен сақталуының дұрыстығы;

11) экипаждың штаттық кестеге және кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес жасақталуы;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12) командалық құрамда тиiстi лауазымдарға орналасу құқығына дипломдарының, аттестаттау туралы анықтамаларының болуы;

13) ағымдағы және алдыңғы рейстерде (вахталық журналдағы жазбалар бойынша) құрамдарды қалыптастырудың үлгілік сызбаларын, жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтеру нормаларын, тіркеу құжаттарында көрсетілген жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулерді, вахталарды атқару режимін, оқу дабылдарын және басқару құрылғысы істен шыққандағы іс-әрекет бойынша жаттығулар жүргізудің кезеңдігін сақтауы;

14) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15) ағымдағы навигацияда аумақтық бөлімшелер қызметкерлерінің ұйғарымдарының орындалуы тексеріледі.

2-1. Өздiгiнен жүзбейтiн (өздігінен қозғалуға арналған механикалық қондырғысы жоқ) кемелердi қарап тексеру кезiнде:

1) осы Заңның 23-бабында көрсетiлген кеме құжаттары (олардың болуы, қолданылу мерзiмi, оларды жүргiзу тәртiбi);

2) кеме атауының (нөмiрiнiң) және борттарында тiркеу нөмiрлерiнiң, корпусында жүк маркасының болуы;

3) кеменiң (құрамның) жүзу ауданының разряды мен жағдайларына, құрамдарды қалыптастырудың үлгiлiк схемаларына және жол көлемдеріне сәйкестiгi;

4) жолаушылар сыйымдылығы және жүк көтерім, борттың су бетiндегi биiктiгi (жүк маркасы бойынша) нормаларының сақталуы;

5) ағымдағы навигацияда аумақтық бөлiмшелер қызметкерлерi нұсқамаларының орындалуы тексеруге жатады.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Кемені қарап тексеру нәтижелерi бойынша аумақтық бөлiмшенiң қызметкерi кеменiң атауын (нөмірін) және тіркеу нөмiрiн, кеме иесiн, қарап тексеру күнін көрсете отырып, кемені қарап тексеру актісін жасайды. Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, аумақтық бөлімшенің қызметкерi анықталған бұзушылықтардың тiзбесiн және оларды жою мерзiмдерiн көрсете отырып, нұсқама шығарады. Кеме құжаттары болмаған кезде және жүзу қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайларда, аумақтық бөлімшенің қызметкері осы Заңның 7-1-бабының 3-тармағында көзделген жедел ден қою шараларын қабылдайды.

Жедел ден қою шарасы қолданылған кезде осы шараның қолданылу мерзімі (қажет болған жағдайда) көрсетілген қадағалау актісі ресімделеді, оның нысанын уəкілетті орган айқындайды.

Кемені қарап тексеру актісі мен нұсқама екі данада жасалады және оларға аумақтық бөлімшенің қызметкері мен капитан (бірінші штурман немесе капитанның аға көмекшісі) қол қояды. Капитан (бірінші штурман немесе капитаннның аға көмекшісі) кемені қарап тексеру актісіне немесе нұсқамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бас тартудың мәлімделген себептер көрсетіле отырып жазба жасалады.

Кемені қарап тексеру актісінің және нұсқаманың бірінші данасы - кемеде, екіншісі аумақтық бөлімшеде кеме ісінде сақталады.

Қадағалау актісі екі данада жасалады, оған аумақтық бөлімшенің жұмыскері мен капитан (бірінші штурман немесе капитанның аға көмекшісі) қол қояды. Капитан (бірінші штурман немесе капитанның аға көмекшісі) қол қоюдан бас тартқан жағдайда, қадағалау актісінде бас тартудың мəлімделген уəждері көрсетіле отырып, жазба жасалады.

Қадағалау актісінің бірінші данасы - кемеде, екінші данасы аумақтық бөлімшеде кеме ісінде сақталады.

Кемені қарап тексеруді жүргізген аумақтық бөлімше қызметкерлері кемені қарап тексеру актісіндегі, нұсқамадағы жəне қадағалау актісіндегі жазбалардың анықтығына жауапты болады.

4. 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 17-2-баппен толықтырылды; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 17-2-баптың тақырыбы өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17-2-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган цифрлық жүйелердің деректерін талдау, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтер негізінде жүзеге асырады.

2. Кеме иелері, кемелерді, порттарды, порт құралдарын, жағалау объектілерін, кеме қатынасы шлюздері мен теңіздегі және ішкі су жолдарындағы құрылысжайларды пайдаланумен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар бақылау және қадағалау субъектілері болып табылады.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын бақылау және қадағалау субъектісіне беру мен бақылау және қадағалау субъектісіне әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Бақылау және қадағалау субъектілеріне бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын беру үшін бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салдарын жою мүмкін болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне бұзушылықтарды жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жасалады.

6. Ұсыным бақылау және қадағалау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту мен алу фактілері расталатын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.

7. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:

1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;

2) поштамен - тапсырысты хатпен;

3) электрондық тәсілмен - уәкілетті орган сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

9. Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.

 

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 17-3-баппен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

17-3-бап. Шағын көлемді кемелерді бақылау мен қадағалау

Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары:

1) шағын көлемді кемелердің пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігі тұрғысынан оларды қарап тексеруді жүргізу;

2) пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сай келмейтін шағын көлемді кемелерді ұстау;

3) шағын көлемді кемелерді пайдалану қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төнген кезде шағын көлемді кемелердің қозғалысын тоқтата тұру және оларға тыйым салу;

4) шағын көлемді кемелердің жұмыс істеуін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру;

5) шағын көлемді кемелердің мәселелері бойынша сараптамаларға қатысуға тиісті мамандарды тарту;

6) шағын көлемді кемелердің алкогольден, есірткіден және уытқұмарлықтан масаң күйде болған кеме жүргізушілерін кеме жүргізуден шеттету және оларды медициналық куәландыруға жіберу;

7) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу арқылы шағын көлемді кемелерді бақылайды және қадағалайды.

 

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 17-4-баппен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

17-4-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының шағын көлемді кемелерді қарап тексеруді жүргізуі

1. Шағын көлемді кемелерді қарап тексеру шағын көлемді кеменің (оның мемлекеттік тіркелген орнына қарамастан), экипаждың шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін анықтау мақсатында жүргізіледі. Шағын көлемді кемелерді қарап тексеру шағын көлемді кемені жүргізушінің қатысуымен тұрақта тұрған, сол сияқты жүзіп келе жатқан кезде де жүргізілуі мүмкін.

Шағын көлемді кемелерді қарап тексеру навигацияаралық кезеңнен кейін жүргізіледі.

Шағын көлемді кемелерді бақылау мақсатында қарап тексеру навигация кезеңінде екі айда бір реттен жиілетпей немесе көлік оқиғасы болған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайда жүргізіледі.