Шағын көлемді кемелерді қарап тексеру навигацияаралық кезеңнен кейін жүргізіледі.
Шағын көлемді кемелерді бақылау мақсатында қарап тексеру навигация кезеңінде екі айда бір реттен жиілетпей немесе көлік оқиғасы болған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайда жүргізіледі.
2. Шағын көлемді кемелерді қарап тексеру кезінде мыналар тексерілуге тиіс:
2) өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына берілетін куәлік;
3) техникалық куәландырудан өткендігі;
4) шағын көлемді кемедегі жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтеру нормаларының, жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулердің, жолаушылар мен жүктердің дұрыс орналастырылуының сақталуы;
5) құтқару, өртке қарсы және су төгу құралдарының болуы;
6) борттарда тіркеу нөмірінің болуы;
7) тұрған жеріне қарамастан, кеме корпусын тесіп өткен ойықтардың болмауы, кеменің гермобөліктерінің және (немесе) әуе жәшіктерінің болмауы немесе тұмшалануының бұзылуы;
8) руль құрылғысының конструкцияда көзделген бекіту бөлшектерінің болуы немесе оның құрамдас бөліктерінің зақымдалуы, оның жұмыс істеу сенімділігінің қамтамасыз етілмеуі;
9) отын ағуының, дірілдің болмауы, бәсеңдеткіштің болуы және жарамдылығы, қозғалтқышты қашықтан басқару жүйесінің зақымдалуы, реверс-редуктордың сенімді қосылуының (ажыратылуының) қамтамасыз етілмеуі, реверс қосылып тұрған кезде қозғалтқыштың (мотордың) іске қосылуын бұғаттауыштың жарамсыздығы;
10) кеменің жиынтықтамасы мен жабдығының кеме типіне сәйкестігі;
11) айырым оттарының болуы, жарамдылығы немесе сәйкестігі;
12) кемені оның белгіленген сыныбына сәйкес келетін бассейндерде (аудандарда) пайдалану;
13) руль, сигнал, зәкір және арқандап байлау құрылғысының болуы және жарамдылығы;
14) орнатылған қозғалтқыштың ең жоғары қуатының сәйкестігі.
3. Шағын көлемді кемені қарап тексеру нәтижелері бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкері, әскери қызметшісі шағын көлемді кеменің атауын (нөмірін) және тіркеу нөмірін, кеме иесін (кеме жүргізушіні), қарап тексеру күнін көрсете отырып, шағын көлемді кемені қарап тексеру актісін жасайды. Шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкері, әскери қызметшісі анықталған бұзушылықтардың тізбесін және оларды жою мерзімдерін көрсете отырып нұсқама шығарады. Кеме құжаттары болмаған кезде және жүзу қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайларда, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкері, әскери қызметшісі осы Заңның 7-2-бабының 3-тармағында көзделген жедел ден қою шараларын қабылдайды.
Жедел ден қою шарасы қолданылған кезде осы шараның қолданылу мерзімі (қажет болған кезде) көрсетілген қадағалау актісі ресімделеді, оның нысанын уәкілетті орган айқындайды.
Шағын көлемді кемені қарап тексеру актісі және нұсқама уәкілетті орган бекітетін нысандар бойынша екі данада жасалады және оларға азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкері, әскери қызметшісі және кеме жүргізуші қол қояды. Кеме жүргізуші шағын көлемді кемені қарап тексеру актісіне немесе нұсқамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бас тартудың мәлімделген уәждері көрсетіле отырып жазба жасалады.
Шағын көлемді кемені қарап тексеру актісінің және нұсқаманың бірінші данасы - кеме иесінде, екіншісі азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органында сақталады.
Қадағалау актісі екі данада жасалады, оған азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкері, әскери қызметшісі және кеме жүргізуші қол қояды. Кеме жүргізуші қадағалау актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бас тартудың мәлімделген уәждері көрсетіле отырып жазба жасалады.
Қадағалау актісінің бірінші данасы - кеме иесінде, екінші данасы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органында сақталады.
Шағын көлемді кемеге қарап тексеру жүргізген, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлері, әскери қызметшілері шағын көлемді кемені қарап тексеру актісіндегі, нұсқамадағы және қадағалау актісіндегі жазбалардың анықтығына жауапты болады.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 17-5-баппен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
17-5-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі
1. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы цифрлық жүйелер деректерін, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау негізінде жүзеге асырады.
2. Шағын көлемді кемелерге арналған орынтұрақ базалардың иелері бақылау және қадағалау субъектілері болып саналады.
3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары - бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау және қадағалау субъектісіне беру, бақылау және қадағалау субъектісіне әкімшілік жүктемені азайту.
4. Бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау және қадағалау субъектілеріне беру үшін бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жасау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салдарын жою мүмкін болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.
5. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне бұзушылықтарды жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жасалады.
6. Ұсыным бақылау және қадағалау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту мен алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
7. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мына жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымда алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы осындай орган сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
8. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
9. Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
11. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
18-бап. 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бақылау және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы қадағалау
1. Кемелердi пайдалану кезiнде экологиялық қауiпсiздiктiң қамтамасыз етiлуiн бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік уәкiлеттi органмен бірлесе отырып:
1) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) кеменiң меншiк иелерiне, кеме иелерi мен кеме капитандарына экологиялық қауiпсiздiкке байланысты мәселелер бойынша ақпараттық қызмет көрсетудi жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Ішкі су көлігінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы қадағалауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
20-бап. Кеменi лоцмандық алып өту
1. Кемелердi лоцмандық алып өту iшкi су жолдарындағы кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және кемелер ұшырауы мүмкiн көлiк оқиғаларын болғызбау мақсатында жүзеге асырылады.
Кемелердi лоцмандық алып өту жөніндегі қызметтер ақылы негiзде көрсетiледi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Лоцмандар ретiнде жұмысқа лоцмандық қызмет туралы ережеде белгiленген талаптарға, сондай-ақ кемелердi лоцмандық алып өтуге уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сай болған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары жiберiлуi мүмкiн.
3. Қажет болған жағдайда, кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында лоцман кеменi лоцмандық алып өтудi кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн мән-жайлар туындағанға дейiн тоқтата тұруға құқылы.
4. Кемеде лоцманның болуы кеме капитанын кеменi басқару жауапкершiлiгiнен босатпайды.
Кеме капитаны кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында лоцман ұсыныстарының дұрыстығына күмәнi болған жағдайда, оның қызмет көрсетуiнен бас тартуға құқылы, бұл ретте, егер кеменi лоцмандық алып өту мiндеттi болса, кеме капитаны мұндай лоцманды алмастыруды талап етуге мiндеттi.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Кеменiң меншiк иесiне және (немесе) кеме иесiне лоцманның кiнәсiнен келтiрiлген зиян үшiн кеменiң меншiк иесiне және (немесе) кеме иесiне зиян келтiрiлген кезде лоцман жұмыс iстейтiн ұйым жауапты болады.
Егер лоцмандық алып өтудi тиiсiнше жүзеге асырмаудың салдарынан келтiрiлген залал лоцманның немесе лоцман жұмыс iстейтiн ұйымның қасақана немесе абайсызда жасаған әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) салдарынан болғандығы дәлелденсе, лоцман немесе лоцман жұмыс iстейтiн ұйым толық көлемде жауапты болады.
Кеменi лоцмандық алып өтудi тиiсiнше жүзеге асырмауға кiнәлi лоцман Кемелерді лоцмандық алып өтуді жүзеге асыру қағидасында айқындалатын тәртiппен және жағдайларда мамандығынан айырылуы мүмкiн.
6. Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзушi кеме iшкi су жолдарымен бүкiл жүзу жолында, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, мiндеттi түрде лоцмандық алып өтуге жатқызылады.
7. Кеменi лоцмандық алып өту кезiнде лоцман аумақтық бөлiмшеге:
1) кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қатер төндiруi мүмкiн кеме жолының кез келген өзгерістерi;
2) лоцмандық алып өтудi өзi жүзеге асырып отырған кеме және iшкi су жолдарында өзi қызмет көрсететiн учаскеде басқа да кемелер ұшыраған кез келген оқиғалар;
3) лоцмандық алып өтудi өзi жүзеге асырып отырған кеменiң капитаны кеменiң жүзу ережелерi мен iшкi су жолдарының кемелерден аққан сарқынды және құрамында мұнайы бар сулармен ластануын болғызбау ережелерiн орындамауы туралы дереу хабарлауға мiндеттi.
8. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
21-бап. Кемелер қозғалысын шектеу немесе оған тыйым салу
1. Дүлей зiлзалалар, әскери iс-қимылдар туындаған жағдайларда, сондай-ақ портта жүктер мен кемелердiң шамадан тыс шоғырлануы кезiнде аумақтық бөлiмше кеме қатынасы қауiпсiздiгi, адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау, жүктердiң сақталуы мақсатында кемелер қозғалысын шектеу немесе оларға тыйым салу туралы шешiм қабылдауға құқылы, ол туралы мұндай шектеудiң қолданылу мерзiмдерi жөнiнде шешiм қабылдайтын уәкiлеттi органға дереу хабарлайды.
Кемелер қозғалысына бес күннен астам мерзiмге шектеу енгiзiлген немесе тыйым салынған жағдайда уәкiлеттi орган ол жөнiнде Қазақстан Республикасының Yкіметін дереу хабардар етедi.
2. Аумақтық бөлiмше қабылданған шешiм туралы кемелер қозғалысына шектеу енгiзудiң немесе тыйым салудың себептерi мен мерзiмдерiн көрсете отырып, жүк тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен тасымалдаушыларды, жүк жөнелтушiлердi және жүк алушыларды хабардар етуге мiндеттi.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
22-бап. Кеменi бірдейлендiру құралдары
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде және жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркелуге жататын кеменің атауы, тiркелімге алынған пунктi, тіркеу нөмiрi, шақыру сигналы және кеменiң техникалық жарақтандырылуына қарай кемедегi жерсеріктік байланыс станциясының сәйкестендіру нөмiрi мен кеме станциясын iздеп шақыру нөмiрiнің болуы мiндеттi.
Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларына сәйкес, кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын шағын көлемді кеменің екі бортында да тiркеу нөмiрiнің болуы міндетті.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Меншік иесі кемеге атау береді жəне оны өзгертеді.
Тұйық бассейнде, аралас бассейндерде жəне аралас «өзен-теңіз» жүзу бассейндерінде пайдаланылатын кемелерге бірдей атау беруге жол берілмейді.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Меншік иесі тіркелген кеме кепілдерінің кепіл ұстаушыларын кеме атауының өзгергені туралы дереу хабардар етеді.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларына сәйкес аумақтық бөлiмше кеменiң тiркеу нөмiрiн бередi.
4. Шақыру сигналы, кемедегi жерсерiктiк байланыс станциясының бірдейлендiру нөмiрi мен кеме станциясын iздеп шақыру нөмiрi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiледi.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
23-бап. Кеме құжаттары
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемеде берілуі және жүргiзілуі тәртiбiн уәкілетті орган айқындайтын мынадай кеме құжаттары:
1) кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын және кемеге (Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде тіркелуге жататын кемелер үшін) меншік құқығын растайтын кеме куәлігі;
2) шетелдік кемеге (жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде тіркелген кемелер үшін) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге уақытша құқық беру туралы куәлік;
3) кеменің жүзуге жарамдылығы туралы, оның сыныбы немесе сыныптау куәлігі көрсетілген куәлігі;
4) өздігінен жүзетін кемелер үшін кеме журналы (вахталық журнал);
5) кеме рөлі (өздігінен жүзетін кемелер үшін) - кеме капитаны жасаған кеме экипажы мүшелерінің тізімі;
6) радиожурнал (егер кемеде кеме радиостанциясы бар болса);
7) кеме станциясының рұқсаты (егер кемеде кеме радиостанциясы бар болса);
8) машина журналы (механикалық қозғағышы бар кемелер үшін);
9) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) кемеге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;
11) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12) кеменің мұнаймен, қалдық сулармен және қоқыспен ластануын болғызбау туралы куәлік;
13) кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік (өздiгiнен жүзетiн кемелер үшін) болуға тиіс.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-1. Ішкі су жолдарында және өзге де су айдындарында пайдаланылатын мемлекеттік тіркеуге жататын шағын көлемді кемеде мынадай құжаттар:
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) кеме билеті болуға тиіс.
2) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Көшiрмесiн кемеге меншiк құқығы туралы куәлiктi берген орган растауға немесе нотариус куәландыруға тиiстi осындай куәлiктi қоспағанда, кеме құжаттары кемеде түпнұсқа түрiнде болуға тиiс.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесiп өтуге байланысты жүзуді жүзеге асыратын, Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында тiркелген кемеде, оның ішінде шағын көлемді кемеде осы баптың 1 және 1-1-тармақтарында көзделген құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгiленген құжаттар болуға тиiс.
4. Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзушi, iшкi су жолдарында кеме қатынасын жүзеге асыратын кемеде Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда белгiленген құжаттар болуға тиiс.
5. Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзушi әрi Қазақстан Республикасының портына кірушi немесе iшкi су жолдарымен жүзiп өтушi кеменiң кеме құжаттарын тану Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы
1. Кемелердiң iшкi су жолдарында тек қана Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуiне жол берiледi.
2. Кемелердiң шет мемлекеттің туын көтеріп, оның iшiнде iшкi су жолдары арқылы транзит мақсатында жүзуi Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы:
1) мемлекеттің;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіндегі кемелерге беріледі.
3) 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын пайдаланушы кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туымен жүзуге мiндеттi.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтерiп жүзу құқығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде кемені мемлекеттiк тiркеген кезден бастап туындайды.
6. 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7. Кеменi жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiне мемлекеттiк тiркеу кезiнде аумақтық бөлiмше кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешiмде көрсетiлген мерзiмге шетелдік кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлiк бередi.
8. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерден меншiкке сатып алынған кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын Қазақстан Республикасының консулдық қызметi мұндай құқықты растаған және кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тiркелгенге дейiн күшi болатын уақытша куәлiк берген күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзiмде пайдаланады.
9. Кеменiң меншiк иесi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлiктi жоғалтқан жағдайда уәкiлеттi орган меншiк иесiнiң өтiнiшi бойынша оған аталған куәлiктiң дубликатын бередi. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлiктiң дубликатын беру тәртібі Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жән оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасымен белгiленедi.
10. Кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен шығарылған күннен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын жоғалтады.
11. Уәкiлеттi орган шешiмiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы шет мемлекеттің кеме тiзiлiмiнде тiркелген, қазақстандық тұлға экипажсыз жалға алған (бербоут-чартер) кемеге:
1) жалға алушы осы баптың 3-тармағына сәйкес кеменiң меншiк иесiне қойылған талаптарға сай келетiн;
2) кеменiң меншiк иесi кеменiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге ауысуына жазбаша нысанда келісім берген;
3) кеменiң меншiк иесi мемлекетiнiң заңдары кемеге шет мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығын беруге тыйым салмайтын жағдайда уақытша берiлуi мүмкiн.
12. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы осы баптың 11-тармағында көрсетiлген кемеге екi жылдан аспайтын мерзiмге, одан әрi қарай әрбір екi жыл сайын, бірақ жалға алу шартының қолданылу мерзiмiнен аспайтын уақытқа ұзарту құқығымен берiлуi мүмкiн.
13. Кеме шетелдiк тұлғаға экипажсыз жалға берiлген (бербоут-чартер) жағдайда кеменiң меншiк иесi осындай беруге жазбаша түрде келісім беру және кеменi жалға алушы мемлекеттің заңдары кемеге мұндай мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығына жол беру шартымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы уақытша тоқтатыла тұруы мүмкiн.
Кеменi шет мемлекеттің туын көтеріп жүзуге ауыстыру мүмкiндiгi туралы шешiмдi уәкiлеттi орган қабылдайды. Кеменi шет мемлекеттің туын көтеріп жүзуге ауыстыру мерзiмi кеменi жалға алу шартының қолданылу мерзiмiмен айқындалады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-тарау. Кемеге меншік құқығы. Кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу. Кеме кепілі. Кеме ипотекасы
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
25-бап. Кемеге меншiк құқығы
1. Кемелер:
1) мемлекеттің;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының;
3) егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттердiң, шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк заңды тұлғалардың меншiгiнде болуы мүмкiн.
2. Кемеге немесе кеменiң бір бөлiгiне меншiк құқығы осындай құқықты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тiркеген кезден бастап туындайды және аумақтық бөлiмше берген кеме куәлiгімен расталады.
Кеме куәлiгi жоғалған жағдайда, аумақтық бөлiмше кеменiң меншiк иесiнiң өтiнiшi бойынша оған аталған құжаттың телнұсқасын береді. Кеме куәлiгiнiң телнұсқасын беру тәртібі Кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларымен белгiленеді.
2-1. Шағын көлемді кемеге немесе шағын көлемді кеменің бір бөлігіне меншік құқығы осындай құқықты кеме кітабында мемлекеттік тіркеген кезден бастап туындайды және аумақтық бөлімше берген кеме билетімен расталады.
Кеме билетi жоғалған жағдайда, аумақтық бөлiмше шағын көлемді кеменiң меншiк иесiнiң өтiнiшi бойынша оған аталған құжаттың телнұсқасын береді. Кеме билетінің телнұсқасын беру тәртібі Кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларымен белгiленеді.
3. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3-1. 2021.26.01. № 412-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)