3. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3-1. 2021.26.01. № 412-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Кеменiң меншiк иесi, егер шартта өзгеше көзделмесе, оны меншiк иесiнiң мүддесiнде сыйақы алу арқылы кеменi басқаруды жүзеге асыру үшiн оны сенiмгерлiк басқару шарты бойынша сенiмгерлiк басқарушыға беруге құқылы.
Кеменi сенiмгерлiк басқаруға беру оған меншiк құқығының сенiмгерлiк басқарушыға өтуiне әкеп соқпайды.
5. 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 26-бап өзгертілді
26-бап. Кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеу
1. Кеме оған тіркеу нөмiрiн беру арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында мемлекеттік тiркелуге тиiс.
2. Осы Заңның 24-бабының 11-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы уақытша берiлген кеме жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiнде мемлекеттік тiркелуге тиiс.
3. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеу деп Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес мемлекеттің кемеге құқықтың туындауын, шектелуiн (ауыртпалықтарын), ауысуын немесе тоқтатылуын тану және растау актiсi түсiнiледi.
4. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) үшiн, сондай-ақ кеменi мемлекеттік тiркеудi куәландыратын құжаттың дубликатын алу кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде алым алынады.
2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-1. Егер кеме оқиға салдарынан немесе басқа себеппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізіліміне немесе кеме кітабына бұрын енгізілген мәліметтерге сәйкес келмей қалса, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кемені мемлекеттік қайта тіркеу жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының меншігіндегі және мемлекеттік органдардың өздеріне жүктелген функцияларды орындауы үшін коммерциялық мақсаттарда пайдалануы да кемені қайта тіркеу үшін негіз болып табылады.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде жолаушылар, жүк-жолаушылар, мұнай құйылатын, сүйреткіш кемелер, құрғақ жүк кемелері, қалқымалы крандар және техникалық флот кемелері, сондай-ақ шағын көлемді кемелер болып табылмайтын кемелер тіркеледі.
2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Шағын көлемді кемелер кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жатады.
Массасы қоса алғанда екі жүз килограмға дейінгі және қозғалтқыштарының (орнатылған жағдайда) қуаты қоса алғанда сегіз киловатқа дейінгі шағын көлемді кемелер, сондай-ақ ұзындығы тоғыз метрден аспайтын, қозғалтқыштары жоқ және демалуға арналған орындармен жабдықталмаған спорттық желкенді кемелер мемлекеттік тіркелуге жатпайды.
2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 6-тармақтың үшінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды
6-1. Мемлекеттік кеме тізілімінде және кеме кітаптарында шлюпкалар және кеме жабдықтары болып табылатын өзге де жүзбелі құралдар тіркелмейді.
2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Уәкілетті орган, егер ұсынылған құжаттардың нысаны мен мазмұны Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында белгiленген талаптарға сай болмаған жағдайда, мемлекеттік тiркеуден бас тартады.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Мүдделi тұлға кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
9. Егер кемеге меншiк құқығы шет мемлекеттің кеме тiзiлiмiнде тiркелген болса, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне тiркелмейдi. Мұндай жағдайда кемеге меншiк құқығын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде тiркеу үшiн меншiк иесi кеменiң шет мемлекеттің кеме тiзiлiмiнен шығарылғаны туралы үзiндi көшiрменi ұсынуға тиiс.
10. Шет мемлекеттің кеме тiзiлiмiнде тiркелген кеме мұндай кемеге осы Заңның 24-бабының 11-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешiм қабылданған күннен бастап бір ай iшiнде жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiнде мемлекеттік тiркелуге тиiс.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
27-бап. Кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеудiң негiздерi
Кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеудiң негiздерi:
1) мемлекеттік органдардың өз құзыретi шегiнде шығарған актілері;
2) кемеге, оның ішінде шағын көлемді кемеге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған шарттар мен басқа да мәмiлелер;
3) мұраға құқық туралы куәлiк;
4) соттың заңды күшiне енген шешiмi;
5) кемеге, оның ішінде шағын көлемді кемеге меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар болып табылады.
2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28-бап. Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі
Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті өтініштер нысандары, құжаттардың тізбесі уәкілетті орган бекітетін кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында белгіленеді.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
29-бап. Кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығару
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан:
1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен;
2) конструкциялық жағынан күйреген;
3) қайта жасау немесе басқа да өзгерістер нәтижесiнде кеме сапасын жоғалтқан;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) осы Заңның 24-бабының 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) кеме иесінің ауысуына байланысты кеме шығарылуға тиіс.
2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығару үшiн кеменiң меншiк иесi уәкілетті органға өтiнiшті және осындай шығаруға негiз болып табылған мән-жайларды растайтын құжаттарды беруге мiндеттi.
30-бап. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеу ережелерiн бұзғаны үшiн жауаптылық
Кеменi және оған құқықтарды мiндеттi мемлекеттік тiркеуден жалтарған тұлға, сондай-ақ кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде белгiленген тәртiптi бұза отырып тiркеген тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 31-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
31-бап. Кемеге тыйым салу және оны мәжбүрлеп сату
Егер сот кемеге тыйым салу түрiндегі қуынымды қамтамасыз ету туралы ұйғарым қабылдаған немесе кеме атқарушылық iс жүргiзу тәртiбiмен сатылған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне немесе кеме кiтабына тиiстi жазба енгiзедi. Бұл ретте уәкілетті орган кеменiң меншiк иесiн кемеге қуынымды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылданғаны немесе кемеден мұндай шаралардың алып тасталғаны туралы хабардар етуге тиiс.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 32-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
32-бап. Кеме кепiлi, кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме ипотекасы
Кеме кепiлi, кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме ипотекасы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 32-1-баппен толықтырылды; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 32-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
32-1-бап. Кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеу
2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Кеме ипотекасын уәкілетті орган сол кеме тiркелген тiзiлiмге тiркейдi.
2. Осы Заңның 24-бабының 7 және 11-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы уақытша берiлген шетелдік кеменiң ипотекасы Қазақстан Республикасында тiркеле алмайды.
3. Кеме ипотекасы мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш берілген күні тiркеледi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
5. Кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеу кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы куәлік берумен куәландырылады.
6. Кеме ипотекасын мемлекеттік тiркегені және кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 32-2-баппен толықтырылды; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 32-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
32-2-бап. Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тiркеу
2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Шағын көлемді кеме ипотекасын уәкілетті орган сол шағын көлемді кеме тiркелген кеме кітабына тіркейді.
2. Шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш берілген күнi шағын көлемді кеменiң ипотекасы тiркеледi.
3. Шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу тәртібі Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында айқындалады.
4. Шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы куәлікті берумен куәландырылады.
5. Шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркегені және кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде алым алынады.
33-бап. Кеме экипажының құрамы
1. Кеме экипажы кеменiң командалық құрамының адамдарынан, кеме командасынан, ал жолаушы кемелерiнде - кеме жолаушыларына қызмет көрсетушi персоналдан да тұрады.
2. Кеменiң командалық құрамына кеме капитаны, су түбiн тереңдету немесе су түбiн тазалау снарядының командирi, олардың көмекшiлерi, механиктер мен электромеханиктер, механиктер мен электромеханиктердiң көмекшiлерi, радиомамандар және дәрiгерлер кiредi.
3. Кеме командасы кемеде жұмыс iстейтiн, кеменiң командалық құрамына және кеме жолаушыларына қызмет көрсететiн персоналға жатпайтын адамдардан тұрады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Кеме экипажының ең аз құрамын уәкілетті орган белгiлi бiр түрдегi кеменi пайдалану талаптарына сәйкес белгiлейдi.
5. Кеме экипажының құрамына кiретiн адамдар кеме экипажы мүшелерiнiң тiзiмiне (кеме рөлi) енгiзiлуге тиiс, оны жүргiзу кеме капитанының мiндетi болып табылады.
34-бап. Кеме экипажының мүшелерiне қойылатын талаптар
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Кемелердiң командалық құрамының лауазымдарына орналасуға Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларына сәйкес тиісті біліктілігі бар адамдар жiберiледi.
Кемелердiң командалық құрамының адамдарын аттестаттау əрбiр келесі бес жыл өткен соң жүргiзiледi. Тиiстi мамандық бойынша оқу орнын кезектi аттестаттау жылында бітірген, сондай-ақ сол жылы диплом алған адамдар аттестаттаудан босатылады.
1-1. 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Кемедегi жұмысқа денсаулық жағдайы бойынша мұндай жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысы бар адамдар жiберiледi.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзушi кеме экипажының құрамына кiретiн шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар кеме капитаны, кеме капитанының аға көмекшiсi, аға механик пен радиомамандар лауазымдарына тағайындала алмайды. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кеме экипажының құрамына кіру мүмкiндiгiнiң шарттарын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындайды.
4. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Кеме капитаны біліктiлiк деңгейi қойылған талаптарға сәйкес келетiн Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиiс.
Кеме капитанына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, оны аттестаттау тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.
2. Кеме капитанына кеменi басқару, оның iшiнде кеме жүргiзу, кеменiң қауiпсiз жүзуiн қамтамасыз ету, кемедегi тәртiптi сақтау, қоршаған ортаны қорғау, кемеге, кемедегi адамдарға, багажға және жүкке зиян келтiрiлуiн болдырмау жөнiнде шаралар қабылдау жүктелeдi.
3. Кеменiң меншiк иесi, кеме иесi, жүк жөнелтушi немесе олардың өкiлдерi болмаған уақытта кеме капитаны қажет болған жағдайда кемеге, жүкке немесе кеменiң жүзуiне қатысты мәмiлелер жасасу, сондай-ақ кемедегi мүлiкке қатысты талап қою кезiнде кеменiң меншiк иесiнiң, кеме иесiнiң және жүк жөнелтушiнiң өкiлi болып табылады.
4. Егер кеме капитанының пiкiрi бойынша кемеге анық опат болу қаупi төнген жағдайда кеме капитаны жолаушыларды құтқару жөніндегі барлық шаралар қабылданғаннан кейiн кеме экипажының мүшелерiне кеменi тастап шығуға рұқсат етедi. Кеме капитаны кеме журналын, машиналық журналды, кеменiң жүзу бағытының карталарын, кеме мөрiн, құжаттар мен бағалы заттарды құтқару жөніндегі өзiне байланысты барлық шараларды қабылдағаннан кейiн кеменi ең соңынан тастап шығады.
5. Кеменiң меншiк иесi мен кеме иесi кеме капитанының осы баптың 4-тармағында көзделген мiндеттердi бұзғаны үшiн жауап бермейдi.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 36-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
36-бап. Кеме капитанының құқықтары мен мiндеттерi
1. Кеме капитанының өз өкiлеттiгi шегiнде берген өкiмдерiн кемедегi адамдардың барлығы орындауға тиiс.
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экипаж мүшелерiн қызметтiк мiндеттерiн атқарудан шеттетуге;
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген тәртiппен кеме экипажының мүшелерiн көтермелеуге және оларға тәртiптiк жазалар қолдануға;
3) жүзу кезiнде кемеде болған адамның аманатын куәландыруға құқылы, бұл ретте кеме капитаны куәландырған аманат Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарына сәйкес нотариалдық куәландырумен теңестiрiледi.
1) егер өз кемесiне және ондағы адамдарға қауiп төндiрмейтiн болса, суға батып бара жатқан адамға көмек көрсетуге;
2) кемелер соқтығысқан жағдайда осы соқтығысқа ұшыраған басқа кемеге, оның жолаушылары мен экипаж мүшелерiне көмек көрсетуге, бұл ретте соқтығысқан кемелердiң капитандары бір-бірiне өз кемелерiнiң атауларын хабарлауға;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) егер кеме экипажының мүшесi немесе жолаушы кеме жүзіп жүрген кезде көрсетілу мүмкiн емес шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болған жағдайда, кеменiң меншiк иесiне және (немесе) кеме иесiне, ал кеме шетелдiк портқа кiрген кезде Қазақстан Республикасының консулы мен кеме иесiнiң агентiне (шетел портында мұндай агент болған кезде) де хабар бере отырып, ең жақын портқа кіруге;
4) кеме экипажының мүшесi немесе жолаушы оның опат болу мүмкiндiгi бар мән-жайларда жоғалып кеткен жағдайда кеме журналына жазба енгiзуге, акт жасауға, сондай-ақ жоғалып кеткен кеме экипажы мүшесiнiң немесе жолаушының кемедегi мүлкiне тiзiмдеме жасап, аталған акті мен мүлiктi eң жақын порттың капитанына тапсыруға;
5) кемеде бала туылған немесе кемеде қайтыс болудың әрбір жағдайында екi куәгердiң және егер кемеде дәрiгер болса, соның қатысуымен тиiстi акт жасауға, сондай-ақ кеме журналына жазба енгiзуге;
6) кеменiң меншiк иесiн және (немесе) кеме иесiн кемедегi қайтыс болу жағдайы туралы хабардар етуге және қайтыс болған адамның мәйiтiн сақтау әрi оны туысқандарына немесе ең жақын порттағы порт әкiмшiлiгiне тапсыру жөнiнде шаралар қолдануға;
7) қайтыс болған адамның кемедегi мүлкiне тiзiмдеме жасауға және мұндай мүлiктiң жасалған тiзiмдемеге сәйкес қайтыс болған адамның туысқандарына немесе ең жақын порттағы порт әкiмшiлiгiне тапсырылғанға дейiн сақталуын қамтамасыз етуге;
8) iс-әрекетi кеме немесе ондағы адамдар мен мүлiктiң қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн адамды оқшаулауға;
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) жүзiп жүрген кемеде Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерi бар іс-әрекеттер анықталған жағдайда, бұл туралы құқық қорғау органдарын дереу хабардар етуге және мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына күдiктi адамды жақын жердегі порттағы немесе елдi мекендегі аталған органдарға бергенге дейiн ұстап алуға;
10) құқыққа қарсы iс-әрекеттер жасау мақсатында кемеге адамдар шабуыл жасаған жағдайда iшкi iстер және ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiсе отырып, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiпке сәйкес әрекет етуге мiндеттi.
4. Кеме капитаны ауырған немесе оған өз қызметтiк мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн өзге де себептер болған жағдайларда, сондай-ақ ол қайтыс болғанда кеме капитанының мiндеттерi кеменiң меншiк иесiнiң және (немесе) кеме иесiнiң өкімін алғанға дейiн кеме капитанының аға көмекшiсiне жүктеледi.
37-бап. Кемедегi еңбек қатынастары
1. Кеме экипажының мүшелерiн тағайындауды кеменiң меншiк иесi мен (немесе) кеме иесi кеме капитанымен келiсе отырып жүзеге асырады.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Кеме экипажының мүшелерімен еңбек шартын жасасу тәртібі, олардың құқықтары мен міндеттері, еңбек және ақы төлеу шарттары, сондай-ақ олармен еңбек шартын тоқтатудың тәртібі мен негіздері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және осы Заңмен айқындалады.
3. Кеме иесi кеме экипажының мүшелерiне олар кемеде болған кезде:
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбектiң қауiпсiз жағдайларын;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес денсаулықты қорғау мен медициналық көмектi;
3) құтқару құралдарының болуын;
4) азық-түлiкпен және сумен үздiксiз жабдықтауды;
5) санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетiн демалуға, тамақтануға, емделуге, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған үй-жайлармен қамтамасыз етуге мiндеттi.
4. Кеме экипажының мүшесi өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде опат болған немесе оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген жағдайда кеменiң меншiк иесi және (немесе) кеме иесi кеме экипажының мұндай мүшесiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес өтеуге мiндеттi.
5. Кеме экипажының мүшесi жеке пайдалануға арналған мүлкiн кемеде алып жүруге құқылы. Кеменiң оқиғаға ұшырауы салдарынан мұндай мүлiк жойылған немесе зақымданған жағдайда кеменiң меншiк иесi мен (немесе) кеме иесi кеме экипажының осы мүшесiне келтiрiлген нұқсанды өтеуге мiндеттi. Бұл ретте кеменiң оқиғаға ұшырауына кiнәлi экипаж мүшесiнiң мүлкiне келтiрiлген нұқсан өтелмейдi.
38-бап. Кеме экипажы мүшесiнiң ол жұмысқа қабылданған жерге қайта оралуы
1. Кеменiң меншiк иесi мен (немесе) кеме иесi:
1) кеме опат болған;
2) кеме экипажының мүшесi ауырып қалған немесе кемеден тысқары жерде емделудi қажет ететiн жарақат алған;
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарты тоқтатылған, оның iшiнде белгiлi бір мерзiмге жасалған еңбек шартының қолданылу мерзiмi Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде аяқталған;
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) кеме иесiнiң банкротқа ұшырауы, кеменi сату немесе кеме тiркелген мемлекеттің өзгеруi салдарынан кеменiң меншiк иесi мен (немесе) кеме иесiнiң кеме экипажының мүшесiне қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында немесе еңбек және ұжымдық шарттарда көзделген өз мiндеттерiн орындау мүмкiндiгi болмаған;
5) кеме экипажы мүшесiнiң келісімiнсiз кеме әскери iс-қимылдар аймағына немесе эпидемиологиялық қауiптi аймаққа жiберiлген жағдайда кеме экипажының мүшесiн және оның салмағы отыз килограммға дейiнгi жеке мүлкiн өз есебiнен кеме экипажының мүшесiн жұмысқа қабылдаған жерге немесе тараптар келiскен басқа жерге жеткiзудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Кеме экипажы мүшесiнiң жұмысқа қабылданған жерге қайта оралуының себебi олардың еңбек және ұжымдық шарттарды бұзуы болып табылған жағдайда кеменiң меншiк иесi мен (немесе) кеме иесi Қазақстан Республикасының заңдарына, еңбек және ұжымдық шарттарға сәйкес осы экипаж мүшелерiнен мұндай қайта оралуға байланысты шығыстарды толық немесе iшiнара өндiрiп алуға құқылы.
39-бап. Жалпы ережелер
1. Кеменi жалға алу Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына және осы тарауда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Егер жалға алу шартында өзгеше белгiленбесе, осы тарауда белгiленген ережелер қолданылады.
2. Кеменi экипажымен жалға алу жалға берушiнiң кеменi жалға алушыға сонымен қатар кеменi басқару және оны техникалық пайдалану жөніндегі қызметтер көрсетудi де беруiн көздейдi.
3. Кеменi экипажсыз жалға алуға жалға берушiнiң кеменi басқару және оны техникалық пайдалану жөніндегі қызметтер көрсетуi кiрмейдi.
4. Жалға алушыға қойылатын талаптардан туындайтын өндiрiп алу талаптарын үшiншi бір тараптардан жалға алынған кемеге қатысты қоюға жол берiлмейдi.
5. Жалға алу шарты қолданыста болған уақытта кеменi иелiктен айыру оның қолданысының тоқтатылуына әкеп соқпайды, бұл ретте жаңа меншiк иесi Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен мұндай шартта көзделген барлық құқық пен мiндеттердi иеленедi.
Кемеге иелiк етуден айырылған тұлға кемеге меншiк құқығын иеленген тұлғаны иелiктен айырылған кемеге қатысты жасалған жалға алу шарты туралы хабардар етуге мiндеттi. Кемеге меншiк құқығын иеленушi тұлғаның мiндетi осы кеменi жалға алушыны меншiк иесiнiң ауысқаны туралы хабардар ету болып табылады.
6. Кеменi жалға беру және кеменi қайтарып алу жалға алу шартында көрсетiлген жерде жүзеге асырылады. Кеменi шартта көрсетiлген жерге жеткiзуге байланысты шығыстарды, егер жалға алу шартында өзгеше көзделмесе, кеменi жалға берушi тарап көтередi.
7. Жалға алу шартында жалға беру мерзiмiнiң басталу және аяқталу күндерi көрсетiле отырып, кеменi жалға алушының иеленуi мен пайдалануына берудiң мұндай мерзiмi қарастырылады. Жалға алушы кеменi иеленуге және пайдалануға мұндай мерзiмнiң басталу күнiнен бұрын алуға мiндеттi емес. Жалға алушы кеменi өз билiгiне мұндай мерзiмнiң аяқталу күнi өткенге дейiн алуға мiндеттi. Егер кеме жалға алу шартында көрсетiлген мерзiмде жалға алушының иеленуiне және пайдалануына берiлмеген жағдайда жалға алушының жалға алу шартын бұзуды талап етуге құқығы бар. Егер жалға алушы мұндай мерзiмнiң аяқталу күнi өткеннен кейiн кеменi алмаса, жалға берушi де жалға алу шартын бұзуға құқылы.
Жалға алу шартын өзгерту және бұзу тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес жүргiзiледi.