Тексерілетін мемлекеттік орган анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ұсынылған ақпаратқа бұзушылықтардың жойылу фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса береді. Бұл жағдайда жоспардан тыс тексеру жүргізу талап етілмейді.
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 15-тармақ өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15. Уəкілетті орган ведомствосының немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезінде:
1) тексерілетін мемлекеттік органның аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) тексеру немесе қашықтан бақылау нəтижелері туралы қорытындыға қоса тіркеу үшін қағаз жəне электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің нысанасына сəйкес автоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге) қолжетімділік алуға;
3) мамандарды, консультанттар мен сарапшыларды тартуға;
4) аудио-, фото- жəне бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
5) осы бапта көрсетілген жағдайларда тексеруді ұзартуға, тоқтата тұруға жəне қайта бастауға құқығы бар.
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 16-тармақ өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16. Уəкілетті органның немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдары тексерілетін мемлекеттік органға:
1) тексеруді тағайындау туралы бұйрықты;
2) қызметтік куəлігін (сəйкестендіру картасын) көрсетуге міндетті.
17. Тексерілетін мемлекеттік органдар не олардың уəкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде:
1) егер құжаттар мен мəліметтер жүргізілетін тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) тексеру немесе қашықтан бақылау нəтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақыт жəне (немесе) қаржы шығындары қажет болған жағдайда үш жұмыс күнінен кешіктірмей бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен уəкілетті органның ведомствосына немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосына немесе олардың аумақтық бөлімшелеріне жүгінуге;
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) тексеру немесе қашықтан бақылау нəтижелері туралы қорытындыға, сондай-ақ уəкілетті орган ведомствосының немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе олардың аумақтық бөлімшелерініңлауазымды адамдарының əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасауға;
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) уəкілетті орган ведомствосының немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе олардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының тексерілетін мемлекеттік органның қызметін шектейтін, заңға негізделмеген тыйымдарын орындамауға;
5) тексеруді немесе қашықтан бақылауды жүзеге асыру процесін, сондай-ақ лауазымды адамның тексеру немесе қашықтан бақылау шеңберінде жүргізетін жекелеген əрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей аудио- жəне бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге құқылы.
18. Тексерілетін мемлекеттік органдар не олардың уəкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде:
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) уəкілетті орган ведомствосының немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе олардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының тексерілетін мемлекеттік органның аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) коммерциялық, салықтық не Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, уәкілетті орган ведомствосының немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдарына тексеру немесе қашықтан бақылау нəтижелері туралы қорытындыға қоса тіркеу үшін қағаз жəне электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексеру немесе қашықтан бақылау нысанасына сəйкес автоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге) қолжетімділікті ұсынуға;
3) тексеруді тағайындау туралы бұйрықты тексеру басталған күні жəне жүргізілген тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нəтижелері туралы қорытындыны олар аяқталған күні алғаны туралы белгі жасауға;
4) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеру немесе қашықтан бақылау жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
5) басшының не оның уəкілетті адамының тексерілетін мемлекеттік органның тұрған жерінде тексерудің тағайындалған мерзімдерінде болуын қамтамасыз етуге міндетті.
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 19-тармақ өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19. Егер тексеру жүргізу нəтижесінде тексерілетін мемлекеттік органның жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы талаптарды бұзу фактісі анықталса, əкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болған кезде уəкілетті орган ведомствосының немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе олардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары өкілеттіктері шегінде бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.
Уəкілетті орган ведомствосының немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе олардың аумақтық бөлімшелерінің тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамының тексеру жүргізу үшін қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген не анық емес ақпарат ұсынылған, бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптар орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайларда бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
50-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектiлерi
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектiлерi:
1) жануарлар дүниесi және олар мекендейтiн орта;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін жануарлардың түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру шарттары;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) жануарлар дүниесi объектілерін аулау құралдары, әдістері және (немесе) тәсілдері;
4) жануарлар дүниесiнiң ауланған өнiмi;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын растайтын құжаттама (аңшы және (немесе) балықшы куәлігі, аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттар, аң аулауға арналған шарт, жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған шарт, рұқсат және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсат, жолдама, кәсiпшiлiк журнал);
6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегі қызмет;
7) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтiк құжаттама;
8) жануарлар дүниесiне және олар мекендейтiн ортаға әсер ететiн қызмет болып табылады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 51-бап жаңа редакцияда
51-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Уәкілетті орган ведомствосының басшысы лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.
Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының басшысы лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы болып табылады.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Уәкілетті орган ведомствосы басшысының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары болып табылады.
Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосы басшысының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары болып табылады.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің басшысы лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстың жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.
Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің басшысы лауазымы бойынша бір мезгілде тиісті облыстың (бассейннің) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы болып табылады.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі басшысының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстың жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары болып табылады.
Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесі басшысының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бір мезгілде тиісті облыстың (бассейннің) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары болып табылады.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Уәкілетті орган ведомствосы құрылымдық бөлiмшелерiнiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, ал уәкілетті орган ведомствосының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын мамандары Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.
Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосы құрылымдық бөлімшелерінің балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын басшылары - лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, ал балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын мамандары Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары болып табылады.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері құрылымдық бөлiмшелерiнiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстың жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, ал жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын мамандары тиiстi облыстың жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.
Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері құрылымдық бөлімшелерінің балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын басшылары - лауазымы бойынша бір мезгілде тиісті облыстың (бассейннің) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, ал балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын мамандар тиісті облыстың (бассейннің) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары болып табылады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 52-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
52-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен мiндеттерi
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) объектілерге Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау мақсатында баруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметі туралы ақпарат алуға;
2) осы Заңда берiлген өкiлеттiктер шегiнде актiлер шығаруға;
3) тексеру материалдарын құқық қорғау органдарына iс жүргiзу шешiмiн қабылдау үшiн беруге;
4) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы салдарынан келтiрiлген зиянның көлемiн анықтауға және осының негiзiнде кiнәлi тұлғаларға осы зиянды ерiктi түрде өтеу туралы талап қоюға не сотқа талап-арыз беруге;
6) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) аңшылық алқаптардың, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің аумақтарында және олардың жағалау белдеуінде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және олардан шыққан кезде көлiк және жүзу құралдарын тоқтатуға, оларды жете тексеруге;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-1) тармақша жаңа редакцияда
7-1) су жинау және ағызу құрылыстарын балықтарды қорғау құрылғыларының бар-жоғына және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне қарап-тексеруді жүзеге асыруға;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-2) аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, жағалау белдеуінде болған және олардан шыққан кезде адамдардың жануарлар дүниесін пайдалану құқығына арналған құжаттарын тексеруге;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз аулау құралдарын жəне жүзу, көлік құралдарын сот шешім шығарғанға дейін уақытша сақтау мақсатында жəне (немесе) жедел ден қою шеңберінде құқық қорғау органдарына беру үшін алып қоюға;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.19.06. № 317-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді
9) заңсыз ауланған жануарлар дүниесі объектілерін, олардың дериваттарын және олардың тіршілік ету өнімдерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алып қоюға;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын сот шешім шығарғанға дейін уақытша сақтау үшін алып қоюға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді
11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнаулы құралдар мен қызметтік қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
12) жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз алып қоюды жасаған адамдарды ұстауға, құқық қорғау органдарына жеткізуге құқығы бар.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзу ережелерiнiң сақталуына;
2) аң аулау және балық аулау ережелерiнiң сақталуына;
3) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн белгiленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуына;
6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі iс-шаралардың орындалуына;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүзеге асыру тәртiбiнiң сақталуына;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтердiң сақталуына;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) жеке және заңды тұлғалардың аңшылық және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт талаптарын орындауына;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды; 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 8-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-2) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін жануарлардың түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру, сондай-ақ зоологиялық коллекцияларды жасау тәртібінің сақталуына;
9) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының өзге де талаптарының орындалуына бақылау жасауға мiндеттi.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етiледi.
2026.19.06. № 317-VIII ҚР Заңымен 52-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
52-1-бап. Арнаулы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану
1. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар және жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамдары арнаулы құралдармен қамтамасыз етіледі, олардың тізбесін уәкілетті орган айқындайды.
2. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар, жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамдары және қорықшылар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметтік қарумен қамтамасыз етіледі.
3. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың және жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамдарының арнаулы құралдарды:
1) қызметтік міндеттерін атқару кезінде құқық бұзушыларды, қарсылық көрсететін немесе өздеріне қасақана кедергі келтіретін өзге де адамдарды ұстау;
2) қызметтік міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін көлік және жүзу құралдарын тоқтату үшін қолдануға құқығы бар.
4. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың, жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамдарының және қорықшылардың қызметтік қаруды:
1) әрекеттері өздерінің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін адамдардың қарулы шабуылына тойтарыс беру;
2) егер адам талаптарға бағынбаса және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе, аңшылық алқаптар, балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері аумақтарында және олардың жағалау белдеуінде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және олардан шығу кезінде көлік және жүзу құралдарын зақымдау арқылы оларды тоқтату және ұстау;
3) жануарлардың шабуылынан қорғану және дабыл сигналдарын беру немесе көмек шақыру үшін қолдануға құқығы бар.
5. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар, жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамдары және қорықшылар арнаулы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану кезінде:
1) осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайлардан басқа, қызметтік қаруды қолдану ниеті туралы ескерту жасауға (дауыстап ескерту және ескерту ретінде жоғарыға қарай оқ ату);