Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593-II Қазақстан Республикасының Заңы (2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

8) уәкiлеттi органның рұқсатынсыз өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерлерiнде;

9) күйзелiстi және дәрменсiз жағдайдағы жануарларды (дауылдан, су тасқынынан, өрттен бас сауғалағандарды, су тоғандарынан өту кезiнде, көктайғақ кезiнде, аштықтан әлсiрегендердi, жусанды паналаған суда жүзетiн құстарды);

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10) қозғалтқышы іске қосылған авиа-, авто-, мотокөлік құралдарын, қарда жүретін техниканы, шағын көлемді кемелерді, түнде көру аспаптарын, лазерлік нысана көрсеткіштерді, жарық беру және дыбыс шығару аспаптарын қолдана отырып, әуесқойлық (спорттық) мақсатта;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

11) алкогольден немесе есiрткiден масаң болу немесе өзге түрде улану жағдайларында;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30) және 31) тармақшалармен толықтырылды

12) егін орағы аяқталғанға дейін ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жерлерде;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен табиғатты пайдаланудың жекелеген түрлеріне жол берілетін аумақты қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда;

14) өзен құндызына, кәмшатқа, күзенге, ондатраға атыс қаруын қолданып;

15) аңшылық иттердi құтқару үшiн iндердi қазуды қоспағанда, жануарлардың тұрағын бұзып және зақымдап;

16) өзен құндызы тұрғызған бөгетті бұзып;

17) пневматикалық, лақтыратын қаруды қолданып (жануарлар дүниесi объектілерін қозғалтпауға және егуге байланысты ғылыми-зерттеу және профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін садақтар мен арбалеттерді пайдаланудан басқа);

18) сауыт бұзатын, өртегіш немесе жарғыш қуаты, ауыртпалық орталығы ауыстырылған оқтары бар патрондарды қолданып;

19) тегiс ұңғылы аңшылық мылтығына қолдан жасалған ойық жиналмалы (қосалқыларды) ұңғыны қолданып;

20) бос жерлерді, су бетiндегі өсiмдiктердi жағумен, басқа да өсімдiктерді түбiрiмен қопарып және жойып;

21) өздiгiнен атылатын қаруларды, қысқыштарды, қаусырмаларды, қапсырмаларды, кескiштердi қолданып; тұзақтар құрып, аулау орларын қазып; адам байқамайтын айқындаушы белгілерінсіз ірі қақпандарды, шатырларды, бастырмаларды, iлмектердi, найзаларды, құс желiмін орнату жолымен, түтін салып, жылтыр мұзға, қатқыл мұзға, терең қарға және топырағы жабысқақ сортаңға, шабылған қамысқа айдап шығарып, қоңыр аюды, тұяқты жануарларды және құстарды аулау кезiнде қақпанды қолданып, қоршауға алып, тағамен аулап;

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

22) торларды қолданып; су құю арқылы iннен шығарып (уәкiлеттi органның ведомствосымен келісу бойынша жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау, будандастыру немесе еріксіз ұстау үшін оларды аулауды қоспағанда);

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23) тармақша жаңа редакцияда

23) дала кеміргіштерін құрту кезінде, сондай-ақ жануарлардың құтыру эпизоотиясы және басқа да аурулары болған жағдайларда улы химикаттар және басқа да химиялық препараттар қолдануды қоспағанда, жарғыш құрылғыларды, улы химикаттарды және басқа да химиялық препараттарды қолданып;

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

24) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатта немесе жолдамада көрсетілген жануарлар санынан асырып;

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

25) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатта немесе жолдамада көрсетілмеген жануарлардың басқа түрлерін;

26) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасынсыз;

27) 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

28) еркекүйрекке көктемгі аң аулау кезінде еліктіруші үйрексіз немесе тұлыпсыз;

29) тұяқты жануарларды және қоңыр аюды аулау кезінде қорықшының немесе жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектордың еріп жүруінсіз;

30) әуесқойлық (спорттық) мақсатта суырға калибрі бес бүтін оннан алты миллиметрлік бүйірден (сақиналы) тұтандырғыш патронды ойықты қару қолданып;

31) тыныштық сақтау аймақтарында және өсiмiн молайту учаскелерінде аң аулауға тыйым салынады.

 

39-бап. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері - балық аулау және (немесе) балық өсіру үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн не олардың қорларының өсiмiн молайту үшiн маңызы бар су айдындары не олардың бөліктері (өзендер және оларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, сулы-батпақты алқаптар, су қоймалары және басқа да iшкi су айдындары, аумақтық сулар), сондай-ақ теңiз сулары.

Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су айдындарында балық аулау және балық өсіру «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

2. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері маңызы жағынан халықаралық, республикалық және жергiлiктi болып бөлiнедi.

2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Халықаралық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне Қазақстан Республикасының және онымен шектес мемлекеттердiң аумақтарында орналасқан су тоғандары жатады.

Республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне екi және одан да көп облыстардың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері жатады.

Жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне жергілікті атқарушы орган бекiткен тiзбеге енгiзiлген қалған барлық балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері жатады.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-1-тармақ жаңа редакцияда

3-1. Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері «Аквашаруашылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен беріледі.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде:

1) елдi мекендердiң, балық қабылдау пункттерiнiң жанына бакендер орнату үшiн, аялдауды және аса қажет жағдайды қоспағанда, балық аулауға тыйым салынған жерлерде су көлiгiнiң тоқтауына;

2) балық аулайтын түрлi құралдарды бiр балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерінен басқаларына арнайы өңдеусiз апаруға;

3) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) су тоғандарында немесе оған тiкелей жақын жерде балық аулау ережелерiнде қолдану көзделмеген балық аулау құралдарымен болуға;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді

5) осы Заңның 11-1-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, балықтарды ноқталарында сақтауға, жүзу құралдарынан және балық аулау құралдарынан шыққан өлi және ауру балықты суға және жағалау белдеуiне лақтырып тастауға;

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) балық аулау қағидаларында белгiленген кәсiпшiлiк өлшемнен кем мөлшерде балық аулауға, қабылдауға, сатып алуға-сатуға, тасымалдауға және сақтауға;

7) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

8) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) жеке және заңды тұлғаларға түрін көрсетпестен тапсыруды және қабылдауды жүзеге асыруға;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды

10) екі және одан да көп аумен (құлыптаудағы) сүзуді бір мезгілде жүргізуге, сондай-ақ алдыңғы ауды жағалауға толық лақтырғанға дейін ауды сүзуді бастауға;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді

11) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған жерлерде балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісусіз қозғалтқыштары қосылған су көлігінің барлық түрлерінің жүруіне;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды; 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара; 2025 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара)

12) санитариялық күзет аймақтары мен акваториялар шегінде балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсатсыз және балық аулау қағидаларында көзделген құжаттарды ресімдеусіз жеке және заңды тұлғалардың балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сатып алуына және өткізуіне тыйым салынады.

«Аквашаруашылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін аквашаруашылық субъектілеріне белгіленген тәртіппен берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 5) тармақшаларында көзделген әрекеттерге тыйым салынады.

5. Мына жағдайларда:

2025.09.04. № 179-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, шлюздердiң және көпiрлердiң жанында, көлдердi өзара және негiзгi өзенмен жалғастыратын тармақтарда, мелиорациялық жүйелердiң жеткізу арналары мен бұрылыстарында, балық аулау ережелерiнде белгiленген шекаралардан тыс өзендер мен каналдардың сағалары алдында;

2) балық аулау ережелерiнде көзделмеген балық аулау құралдарымен;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңмен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді

3) тиісті ғылыми ұйымдар берген биологиялық негіздеменің негізінде балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган белгілейтін мерзімдерде және орындарда қысқы кезеңде балықтардың қыстайтын шұңқырларында, уылдырық шашу кезінде уылдырық шашатын жерлерде және өзге де учаскелерде;

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсатқа сәйкес ұйымның атауы және балық аулау құралдарының өлшемдері көрсетiлген жапсырмалары жоқ кәсіпшілік балық аулаудың балық аулау құралдарымен;

6) теңiзде және өзендерде бекiре балықтарды аулауға арналған құрылған аулау құралдарымен;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) алкогольден немесе есiрткiден масаң болу немесе өзге түрде улану жағдайларында;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды

8) балық аулау ережелерімен, шектеулермен және тыйымдармен жол берілмейтін тәсілдермен;

9) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды

10) аулау құралдары өзеннің немесе өзен тармағы енінің үштен екіден астамын қамтып;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды

11) құрмалы аулау құралдарын шахматтық тәртіппен, вентерлер мен секреттерді өзендер мен бастаулардың, құятын каналдардың сағасынан бес жүз метр радиуста орнатумен;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды; 2025.09.04. № 179-VIII ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыру кезінде су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, шлюздер мен көпірлерден бес жүз метрден жақын қашықтықта;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңмен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13) тармақша жаңа редакцияда; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) тармақша өзгертілді

13) тиісті ғылыми ұйымдар берген биологиялық негіздеменің негізінде балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган белгілейтін орындарда және мерзімдерде балық ресурстарының және басқа да су жануарларының көбеюі кезеңінде олардың шоғырлану орындары мен өрістеу жолдарында;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14) тармақша жаңа редакцияда

14) жарғыш құрылғыларды, улы химикаттарды және басқа да химиялық препараттарды, сондай-ақ атыс қаруын қолданып;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды; 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат берілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолданумен балық аулауға тыйым салынады.

 

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 39-1-баппен толықтырылды

39-1-бап. Сулы-батпақты алқаптар

1. Сулы-батпақты алқаптар - табиғи (тереңдігі судың қайтуы кезінде алты метрден аспайтын теңіз суларын қоспағанда) және сирек кездесетіндерін әрі құрып кету қаупі төнгендерін қоса алғанда, су маңындағы жануарлар түрлерінің жаппай мекендейтін, ұя салатын, өсімін молайтатын орны болып табылатын жасанды акваторийлер.

2. Сулы-батпақты алқаптар маңызы бойынша халықаралық және республикалық болып бөлінеді.

3. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізіміне енгізілген алқаптар жатады.

4. Республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізіміне енгізілген барлық қалған алқаптар жатады.

5. Сулы-батпақты алқаптарда, сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін қоса алғанда, жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту жөніндегі шаралар көзделеді.

6. Сулы-батпақты алқаптарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган даму жоспарын бекітеді.

 

39-2-бап. 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

40-бап. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру тәртібi

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара, 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.09.04. № 179-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара; 2025 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Аңшылық алқаптар конкурс қорытындысы бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен бекітіп беріледі.

Балық шаруашылығы су айдындары жəне (немесе) учаскелері бассейндік қағидат ескеріле отырып, конкурс қорытындысы бойынша балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының жəне (немесе) аумақтық бөлімшенің шешімімен бекітіп беріледі.

Аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурсты конкурс өткізу қағидаларына сəйкес құрылған, құрамына уəкілетті органның немесе аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомствоның, облыстың жергілікті атқарушы органының, ғылыми ұйымдардың жəне аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастықтарының өкілдері енгізілетін комиссия мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын пайдалана отырып, конкурс өткізу қағидаларында айқындалған тəртіппен электрондық нысанда өткізеді.

Балық шаруашылығы су айдындарын жəне (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурс мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы пайдаланыла отырып, конкурс өткізу қағидаларында айқындалған тəртіппен электрондық нысанда өткізіледі.

Конкурсқа шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру мен балық шаруашылығы су айдындарын жəне (немесе) учаскелерін паспорттау негiзiнде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, аңшылық жəне балық шаруашылықтарын жүргізу үшін перспективасы бар деп танылатын резервтік қордың аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындары жəне (немесе) учаскелері қойылады. Пайдаланушының аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын жəне (немесе) учаскелерін бекітіп беруге конкурсқа қатысқан кезде берген міндеттемелері аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың міндетті талаптары болып табылады.

Балық шаруашылығы саласындағы уəкілетті орган балық шаруашылығын жүргізу үшін конкурсқа шығарылатын резервтік балық шаруашылығы су айдындарының жəне (немесе) учаскелерінің тізімін қалыптастырады, ол балық шаруашылығы саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жəне мерзімдерде су ресурстарын қорғау жəне пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциясымен келісілгеннен кейін балық шаруашылығы саласындағы уəкілетті органның жəне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың жергілікті атқарушы органдарының ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.

Жеке жəне мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерiнде толық орналасқан жергілікті маңызы бар аңшылық алқаптар белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сəйкес келген жағдайда олардың өтiнiмi бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешiмiмен конкурс өткiзiлместен оларға бекiтiп берiледi.

Ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қоспағанда, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерінде толық орналасқан жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары жəне (немесе) учаскелері белгіленген біліктілік талаптарына сəйкес келген жағдайда олардың өтінімі бойынша балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің шешімімен конкурс өткізілместен оларға бекітіп беріледі.

Бекітіп беру мерзімі аяқталатын балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері шарт міндеттемелеріне және балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарына сәйкес келген жағдайда, олар бұрын бекітіп берілген тұлғалардың өтінімі бойынша конкурс өткізілместен, шартты ұзарту арқылы беріледі.

Бекітіп беру мерзімі аяқталатын аңшылық алқаптар біліктілік талаптарына сəйкес келген жəне шарт міндеттемелерін орындаған жағдайда, бұрын шартты ұзарту арқылы бекітіп берілген тұлғалардың өтінімі бойынша конкурс өткізілместен беріледі.

Жергілікті маңызы бар, балықтың қырылу қаупі бар су айдындары жəне (немесе) учаскелері өздері бекітіліп берілген тұлғалар қабылдаған шаралардың нəтижесінде қырылу қаупі белгілерін жоғалтса, бекітіп берілу мерзімі өткен соң бiлiктiлiк талаптарына сəйкес келген жағдайда олардың өтінімі бойынша конкурс өткізілместен бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде өсімді молайту мақсаттары үшін өсімді молайту кешенінің мемлекеттіккəсіпорындарына балық шаруашылығы су айдындары жəне (немесе) учаскелері, ұйықтар (ұйықтық учаскелер) қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшелерінің шешімімен конкурс өткізбестен бекітіп берілуі мүмкін.

2. Бекітіп беру:

1) аңшылық алқаптар үшін аңшылық шаруашылығын жүргізу мақсатында - он жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін балық шаруашылығын жүргізу мақсатында - бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді

3) жергілікті маңызы бар, қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері үшін балық шаруашылығын жүргізу мақсатында - бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімді құрайды.

4) 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2025.09.04. № 179-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-1. Балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне жатқызылған су объектісінде немесе оның бір бөлігінде балық шаруашылығын жүргізу құқығын бүкіл су объектісін, оның бір бөлігін (бөліктерін) пайдалану жəне оған билік ету құқығы берілмей, сондай-ақ Қазақстан Республикасының су заңнамасына сəйкес арнаулы су пайдалануға рұқсатты талап ететін су ресурстарын алып қою құқығынсыз беру болып табылады.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Бұрын ұйымдастырылған аңшылық және балық шаруашылықтары шекараларындағы аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi алдыңғы шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастырудың және балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерiн паспорттаудың материалдары негiзiнде берiледi.

4. Жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы мүдделі жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері аумағына немесе акваториясына кіретін учаскелерде аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу және аң аулау мен балық аулауды жүзеге асыру мақсаттарында сервитут беруді қамтамасыз етуге міндетті.

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт бойынша құқықтар мен міндеттемелерді үшінші тұлғаларға беруге және (немесе) басқаға беруге жол берілмейді, бұған бірігу, қосылу немесе қайта құру нысанында заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және (немесе) осындай құқықтар мен міндеттемелердің мұрагерлік бойынша әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен үшінші тұлғаға ауысуы жағдайлары кірмейді.