Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы № 1749 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 шілдедегі № 775 қаулысы (ҚР Үкіметінің 15.10.04 ж. № 1059 ;2005.15.03 ж. № 231 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 23 қарашадағы
№ 1749 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 шілдедегі
№ 775 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 15.10.04 ж. № 1059 ;2005.15.03 ж. № 231
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 15 наурыздағы № 231 Қаулысымен 1 тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)

1. "Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 23 қарашадағы № 1749 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 49-50, 575-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгiзiлсiн:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Қазақстан Республикасының аумағы 4-шi және 5-шi сағаттық белдеулерде орналасады деп белгiленсiн. Республиканың әкiмшiлiк- аумақтық құрылысына сәйкес сағаттық белдеулердiң шекарасы Ақтөбе облысы мен Қостанай облысының, Ақтөбе облысы мен Қарағанды облысының, Ақтөбе облысы мен Қызылорда облысының арасында өтедi.";

4-тармақтағы "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім" деген сөздер "Ақпарат" деген сөзбен ауыстырылсын.

ҚР Үкіметінің 15.10.04 ж. № 1059 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 15 наурыздағы № 231 Қаулысымен алып тасталды  (бұр. ред. қара)

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

 

Д.К. Ахметов