Нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2606
санымен тіркелген "Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған
тұлғалар жөніндегі орталықтандырылған деректер банкін құру туралы"
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 67
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасының Бас Прокурорының 2004 жылғы 27 маусымдағы № 25 бұйрығы
ҚР Бас Прокурорының 2009 жылғы 29 қыркүйектегі № 53 Бұйрығымен күші жойылды
Әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған тұлғаларды есепке алуды жетілдіру мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Бұйырамын:
1. "Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар жөніндегі орталықтандырылған деректер банкін құру туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 67 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2606 санымен тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар жөніндегі орталықтандырылған деректер банкін жүргізу туралы Нұсқаулықта:
бесінші азат жолы алынып тасталынсын;
9-тармақтағы "айына" сөзі "тоқсанына" сөзімен ауыстырылсын;
23-тармақ келесі редакцияда берілсін:
"23. 8-жолда мынадай әкімшілік құқық бұзушылық субъектілері туралы мәліметтер бейнеленеді: жеке тұлғалар; жеке кәсіпкерлер; заңды тұлғалар; шетелдік заңды тұлғалар; шет елдің қатысуымен заңды тұлғалар; мынадай органдардың қызметкерлері: әділет; қаржы полициясы; ішкі істер; қорғаныс министрлігі; ұлттық қауіпсіздік; кедендік қызмет; шекара қызметі; прокуратура; салық қызметі; төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі; мемлекеттік билік; арнайы қызмет; өзге де мемлекеттік құрылымдар.";
бірінші азат жол келесі редакцияда берілсін: