“Бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшін жеке тұлғаларды
аттестациядан өткізу, біліктілік куәліктерін беру, сонымен
қатар біліктілік куәліктерінің қолданысын тоқтата тұру
немесе қайтарып алу ережесін бекіту туралы”
Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық
ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының
2004 жылғы 12 маусымдағы № 158 қаулысы
(ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының 2005.28.05. № 158 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 124 қаулысымен күші жойылды
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 18)-тармақшасын және 48-бабы 3-тармағын іске асыру, және бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшін мамандарды дайындау және аттестациядан өткізу жүйесін жетілдіру, бағалы қағаздар рыногында қалыптасып отырған қатынастарды мемлекеттік реттеудің тиімділігін көтеру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшін жеке тұлғаларды аттестациядан өткізу, біліктілік куәліктерін беру, сонымен қатар біліктілік куәліктерінің қолданысын тоқтата тұру немесе қайтарып алу ережесі туралы қоса беріліп отырған ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.