Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 тамыздағы № 820 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 тамыздағы № 820 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 57, 551-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде:

2-тармақтағы «Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары» деген сөздер «Премьер-Министрінің орынбасары» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамына мыналар енгізiлсiн:

           Әйтiмова               - Қазақстан Республикасы Премьер-
           Бiрғаным Сарықызы        Министрінің орынбасары, төраға
 
           Доминов                - «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік
           Евгений Евгеньевич       қоғамы басқармасының төрағасы
                                    (келісім бойынша)
 
           Досаев                 - Қазақстан Республикасының Денсаулық
           Ерболат Асқарбекұлы      сақтау министрi
 
           Қыпшақбаев             - «Инжиниринг және технологиялар
           Әбділ Исаұлы             трансфертi орталығы» акционерлік
                                    қоғамының президентi (келісім
                                    бойынша)
 
           Мамыраев               - Қазақстан Республикасы Президентінің
           Бейбiт Баймағамбетұлы    Әкiмшiлігі Iшкi саясат басқармасының
                                    Әлеуметтiк-саясат бөлiмi
                                    әлеуметтiк-мәдени сала секторының
                                    меңгерушiсi (келісім бойынша)
 
           Өтеулина               - Қазақстан Республикасы Премьер-
           Хафиза Мұхтарқызы        Министрінің Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени
                                    даму бөлiмiнiң меңгерушiсi
 
           Шығаев                 - Қазақстан Республикасы Премьер-
           Мұрат Насырұлы           Министрінің Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени
                                    даму бөлiмiнiң бас сарапшысы, хатшы;

көрсетiлген құрамнан: Марченко Григорий Александрович, Досқалиев Жақсылық Ақмырзаұлы, Ергешев Розмат Байташұлы, Дунаев Арман Ғалиасқарұлы, Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы, Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының