«Жолаушы поезының вагон-ресторанына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 24 маусымдағы № 496 бұйрығы (күші жойылды)

«Жолаушы поезының вагон-ресторанына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 24 маусымдағы № 496 бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 550 Бұйрығымен күші жойылды

 

«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған «Жолаушы поезының вагон-ресторанына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министрі, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін.

3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Көлік және коммуникациялар

министрі

2004 жылғы 6 шілде

«Жолаушы поезының вагон-ресторанына

қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық

талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық

ережелері мен нормаларын бекіту

туралы» Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2004 жылғы 24 маусымдағы

№ 496 бұйрығымен бекітілген

«Жолаушы поезының вагон-ресторанына қойылатын

санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық

ережелері мен нормалары

1. Жалпы ережелер

1. «Жолаушы поезының вагон-ресторанына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары (бұдан әрі - санитарлық ережелер) құрылысы жүріп, қайта жаңартылып жатқан және жұмыс істеп тұрған вагон-ресторандарға таралады.

2. Осы санитарлық ережелер меншік нысанынан тәуелсіз тағамдық өнімдерді тасымалдаумен, өндірумен және оларды дайындап темір жол поездарындағы вагон-ресторанына, буфет-барларына тамақпен қамтамасыз ететін жеке және заңды тұлғаларға арналған.

3. Осы санитарлық ережелерде төмендегідей терминдер мен анықтамалар қолданылды:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.