Мүлікті салық және кеден берешегі есебіне иеленуді шектеудің кейбір
мәселелері туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық
комитеті Төрағасының 2004 ж. 12 шілдедегі № 347 бұйрығы
(ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2005.28.02. № 83 Бұйрығымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 Бұйрығымен күші жойылды
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 48-бабын және Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің 353-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Салық төлеушінің салық берешегінің (төлеушінің кеден төлемдерi мен салықтар бойынша берешегі) есебіне мүлікті иеленуде шектеу туралы шешімнің нысаны (1-қосымша);
2) Салық төлеушінің салық берешегінің (төлеушінің кеден төлемдерi мен салықтар бойынша берешегі) есебіне мүлікті иеленуде шектеу туралы тізімдеме актісінің нысаны (2-қосымша);
3) Салық төлеушінің салық берешегінің (төлеушінің кеден төлемдерi мен салықтар бойынша берешегі) есебіне мүлікті иеленуде шектеу туралы тізімдеме актісін жасау тәртібінің нысаны (3-қосымша).
2. Салық төлеушінің салық берешегінің есебіне мүлікті иеленуде шектеудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 31 қаңтардағы № 104 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 27 ақпанында № 1777 тіркелген; Нормативтік құқықтық актілер бюллетені № 17, 2002 жыл) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салық әкімшіліктендіруі басқармасынна (А.М.Қыпшақов) осы бұйрықты:
1) Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігімен келісуге;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне тіркеуге жіберсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.