Магистралдық труба құбырлары арқылы мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 5 шілдедегі № 304-НҚ бұйрығы (2009.26.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Магистралдық труба құбырлары арқылы мұнай тасымалдау бойынша қызметтер
көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің
реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және
бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 5 шілдедегі № 304-НҚ бұйрығы

(2009.26.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.26.02. № 67-НҚ Бұйрығымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Магистралдық труба құбырлары арқылы мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Құбырлар мен су канализациялары жүйесі саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департаменті (И.Ш.Әлиев) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (М.А.Токарева) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

1) оның белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін;

2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, "КазТрансОйл" акционерлік қоғамының және "МұнайТас СБТК" жабық акционерлік қоғамының назарына жеткізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.