Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1520 тіркелген,
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру
брокерінің қызметін лицензиялау, лицензияның қолданылуын тоқтату және
қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 9 сәуірдегі № 92
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен
қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі
№ 198 қаулысы
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.09.01. № 11 Қаулысымен күші жойылды
Сақтандыру брокерлерін лицензиялау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау, лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 9 сәуірдегі № 92 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1520 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" № 17 (214) басылымдарында 2001 жылғы 13-26 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау, лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу ережесінде:
мәтін бойынша "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын;
4-тармақтағы "№ 1 қосымшаға" деген сөздер "осы Ереженің 1-қосымшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
"4-1. Жарғылық капиталдың ең аз мөлшерінің толық төленгенін растайтын құжаттар мыналар: