№ 2349 тіркелген Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау
агенттігінің төрағасы міндетін атқарушының "Сыртқы
экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына
жатқызудың және кедендік ресімдеудің ережесін бекіту туралы"
2003 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығына өзгерістер енгізу
туралы Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің
2004 жылғы 16 шілдедегі № 313 бұйрығы
ҚР Қаржы министрілігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005.29.06. № 240 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 371 және 470 баптарына, сондай-ақ кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жетілдіру мақсатында бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы міндетін атқарушының "Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызудың және кедендік ресімдеудің ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығына (бұдан әрі бұйрық) (Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде № 2835 тіркелген Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің 2004 жылғы 16 сәуірінде № 181 бұйрығымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен 2003 жылдың 16 тамызындағы "Официальная газетаның" № 33 номерінде жарияланған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2349 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: