Мемлекеттік табиғи қорықтарда, ерекше бағалы экологиялық
жүйелер мен объектілерді қамтымайтын арнайы бөлінген
учаскелерде спорттық және әуесқойлық балық аулауды ұйымдастыру
және өткізу Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы
комитеті Төрағасының 2004 жылғы 28 шілдедегі № 153бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2007 ж. 27 ақпандағы № 79 Бұйрығымен күші жойылды
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік табиғи қорықтарда, ерекше бағалы экологиялық жүйелер мен объектілерді қамтымайтын арнайы бөлінген учаскелерде спорттық және әуесқойлық балық аулауды ұйымдастыру және өткізу Ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Төраға |
|
|
|
|
| Е. Келемсейіт |
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы
комитеті Төрағасының
2004 жылғы 28 шілдедегі
№ 153 бұйрығымен бекітілген
"Мемлекеттік табиғи қорықтарда,
ерекше бағалы экологиялық жүйелер
мен объектілерді қамтымайтын
арнайы бөлінген учаскелерде
спорттық және әуесқойлық балық
аулауды ұйымдастыру және өткізу
Ережесін бекіту туралы"
Мемлекеттік табиғи қорықтарда ерекше бағалы экологиялық
жүйелер мен объектілерді қамтымайтын арнайы бөлінген
учаскелерде спорттық және әуесқойлық балық аулауды
ұйымдастыру және өткізу Ережесі
1. Мемлекеттік табиғи қорықтарда ерекше бағалы экологиялық жүйелер мен объектілерді қамтымайтын арнайы бөлінген учаскелерде спорттық және әуесқойлық балық аулауды ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.