Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауын реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (Жоба)

Жоба

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауын реформалау
мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

ҚР Үкіметінің 21.08.04 ж. № 883 қаулысымен Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілді

Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес, медициналық көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесін құру, Қазақстан Республикасының халқы денсаулығының негiзгі көрсеткiштерін жақсарту мақсатында қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауын реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекiтілсiн.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн.

3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тiкелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны iске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын.

4. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етудi бақылау және үйлестiру Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелсін.

5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жарты жылда бiр рет, есепті кезеңнен кейiнгі айдың 25-күнінен кешiктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiне және Қазақстан Республикасының Үкiметіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының

Президентi

 

 

 

 

 

 

 

 

Н.Ә. Назарбаев


Қазақстан Республикасы

Президентінің

2004 жылғы "____" ________

N ___ Жарлығымен

бекітілген

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауын

реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға

арналған Мемлекеттік Бағдарламасы

Астана, 2004 жыл

1. Бағдарламаның паспорты

2. Кiрiспе

3. Халық денсаулығының және денсаулық сақтау жүйесiнiң

қазiргі заманғы жай-күйiн талдау

4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

4.1. Iске асыру мерзiмдерi

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.