Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 918 қаулысы (ҚР Үкіметінің 2005.12.04. № 333 Қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница

 

Орта мерзiмдi фискалдық саясатты нақтылау өзгерген макроэкономикалық жағдайды және мемлекет қабылдаған жаңа мiндеттемелердi ескере отырып, мемлекеттік бюджеттiң орта мерзiмдi перспективаға мүмкiндiктерiн айқындап бердi. Оларды iске асыру үшiн мемлекеттік бюджет өлшемдерi, оның iшiнде тапшылық қайта қаралды.

2005 жылы мемлекеттік бюджет тапшылығы ЖIӨ-ге 1,7 %-ды, 2006 - 2007 жылдары - ЖIӨ-ге 1,9 %-ды құрайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмдi перспективаға арналған тұжырымдамасын әзiрлеуге, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған мiндеттердi iске асыру қажеттiгiне және жүргiзілiп жатқан жинақтар саясатына байланысты республикалық бюджет тапшылығының өлшемдерiн айқындау бюджеттiң мұнайдан тыс тапшылығының қалыптасып отырған мөлшерiне негізделе отырып жүзеге асырылатын болады.

 

Қорытынды

Тоқсаныншы жылдардың басынан берi мемлекеттік қаржы саласындағы реформалар және, бірiншi кезекте, Қазақстан Республикасында бюджет жүйесiн дамыту терең құрылымдық қайта құрылулар аясында өттi. Бұл жағдайларда елдiң қаржы органдарының алдында тұрған негізгі мiндетi халық мұқтаждығын және мемлекеттік қызметтер мен функциялардың сапалы орындалуын барынша жоғары дәрежеде қамтамасыз ететiн анық, тиiмдi әрi тұрақты бюджетке қол жеткізудi назардан тыс қалдырмау маңызды болды.

Ел экономикасының қазiргі көрсеткiштерi Қазақстанның соңғы жылдары сапалық өсуге қол жеткiзгенiн ризашылықпен атап өтуге мүмкiндiк бередi. Мұнда бюджет жүйесiн жетiлдiру бойынша үнемi жүргізiлетiн жұмыстың атқарған рөлi ерекше.

Қазақстандағы қазiргі бюджет процесiн ұйымдастырудың жетiстiктерiне ненi жатқызуға болады? Бұл - ең алдымен, саяси және экономикалық ақиқаттармен келісілген жауапты бюджет саясаты. Бюджет болашақ нәтижелерiнiң болжамы мен тиiмдiлiгiнiң бағалауы бар, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтiк мiндеттерiн ағымдағы жылы ғана емес орта мерзiмдi перспективада да орындауға бағытталған тұтас құжат ретiнде қарала бастады. Осылайша, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету тұрғысынан да, ресурстарды қайта бөлу тұрғысынан да Орта мерзiмдi фискалдық саясаттың мемлекет экономикасын басқарудың салмақты құралына айналуының объективтi алғышарттары бар.

Орта мерзiмдi фискалдық саясат мемлекеттік органдардың өз қызметiн жүзеге асыруының бағдарына айналуы тиiс, сондай-ақ iскер топтар мен қалың бұқараны мемлекет саясатымен таныстыруға арналған.

Келешекте 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаттың рөлiн осы құжатты әзiрлеу кезiнде алған қойылған мақсаттардың:

Үкiметтің фискалдық стратегиясы мен оның ағымдағы және болашақ мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі жоспарларын белгілеудiң;

қолда бар ресурстардың алдағы үш жылдық кезеңге арналған көлемiн айқындаудың;

шектеулi бюджет ресурстарын стратегиялық басымдықтарға бөлу жөнiнде шешімдер қабылдауды жандандырудың;

мемлекеттік органдарға алдын ала жоспарлауды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн неғұрлым болжамды қаржыландыруды қамтамасыз етудiң;

бюджет процесiнiң тиiмдiлігі мен анықтығын арттырудың;

бюджет процесiнiң сабақтастығын қамтамасыз етудiң және фискалдық тәртiптi арттырудың қаншалықты орындалғаны бойынша бағалауға болады.

Қазақстан Республикасы Үкiметінің

2005-2007 жылдарға арналған орта

мерзiмдi фискалдық саясатына

қосымша

2004-2007 жылдардағы мемлекеттік бюджеттiң шығыстары 1

   
 

1 Бюджет тапшылығын қаржыландыруға арналған шығыстарды ескермегенде