Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы № 336 толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 963 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1102 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектілерiн мүлiктiк жалға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 7 наурыздағы № 336 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 10, 111-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекiтілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргiзуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның ішiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiн мүліктік жалға беру ережесiнде:
мемлекеттік тілдегi мәтінде 3-тармақтың 2) тармақшасындағы «жағдайларын қоспағанда, тендерлік негiзде жүргiзiледi.»деген сөздердiң алдынан»;»тыныс белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекемелер өткiзетiн мүлiктiк жалға алу жөніндегі қызметтердi сатып алуға арналған конкурстарға қатысу».
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі |
|
|
|
|
|
| Д. Ахметов |