Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына қоныс-колонияларының қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 24 тамыздағы № 240 бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына қоныс-колонияларының қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 24 тамыздағы № 240 бұйрығы

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 бұйрығымен күші жойылды

 

Қылмыстық-атқару заңнамасын қоныс-колонияларына қатысты бөлігінде жетілдіру мақсатында және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бұйырамын:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 20 қарашадағы № 167 бұйрығына енгізілген өзгерістері бар (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 2083 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік-құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, № 4, 784-құжат) «Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 148 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 1720 болып тіркелген, 2002 жыл, № 7-8, 542-құжат), мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінде:

4-тармақта:

«жеке істерінің түгелдігін» деген сөздерден кейін»(жеке басын куәландыратын құжаттар, мамандығының болуы туралы куәлігі, медициналық картасы және басқа да жеке ісі жөніндегі құжаттар), келген сотталғандар киімінің маусым бойынша сай болуы» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«ТМ-не келген сотталғандардың маусым бойынша киімі, жеке істерінде құжаттары, денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындысы болмаған кезде, комиссия акті жасайды және оны шаралар қолдану үшін сатылап жібереді (13-қосымша).»;

мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:

«2-1. Қоныс-колонияларында ұсталатын сотталғандардың құқықтық жағдайының ерекшеліктері

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.