Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 шілдедегі № 735 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 961 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 2 шiлдедегi № 735 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы
14 қыркүйектегі № 961 қаулысы


Қазақстан Республикасының ?кіметі қаулы етеді:

1. "Электронды сайлау жүйесiн қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияны қалыптастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 2 шiлдедегi № 735 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

көрсетілген қаулымен бекітілген Электронды сайлау жүйесiн қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияны қалыптастыру ережесінде:

1-тармақта:

"Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (келісім бойынша)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкiметінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

"Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы," деген сөздер алынып тасталсын;

3-тармақ алынып тасталсын;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Комиссияға заңнамада белгiленген тәртiппен оған жүктелген мiндеттердi орындау үшiн сарапшылар ретiнде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын тарту, сондай-ақ қажеттi ақпаратты сұрату құқығы берілсін.".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының