Шетелдік және халықаралық ұйымдардың қаражатын (гранттарын) пайдаланып
іске асырылатын ғылыми-техникалық жобаларды патенттік-құқықтық сараптау
ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2004
жылғы 6 қыркүйектегі № 255, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрінің 2004 жылғы 1 қыркүйектегі № 708, Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрінің 2004 жылғы 1 қыркүйектегі № 08-1/206, Қазақстан
Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2004 жылғы 2
қыркүйектегі № 236 бірлескен бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 712-1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі 2003-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 5.3.2.11-тармағын іске асыру мақсатында бұйырамыз:
1. Қоса беріліп отырған Шетелдік және халықаралық ұйымдардың қаражатын (гранттарын) пайдаланып іске асырылатын ғылыми-техникалық жобаларды патенттік-құқықтық сараптау ережесі бекітілсін.
2. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Ж.Қ. Асановқа, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі Н.Б. Оңжановқа, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Н.С. Бектұрғановқа, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі Ә.Ө. Исекешевке жүктелсін.
Орыс тіліндегі мәтін ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді
Қазақстан Республикасының