Халықаралық транзиттік дәлiздерде жол бойындағы инфрақұрылымды
дамыту жөніндегі ic-шаралардың 2004-2008 жылдарға арналған
жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 274-ө Өкімі
(2006.21.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1. Қоса беріліп отырған Халықаралық транзиттiк дәлiздерде жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту жөніндегі iс-шаралардың 2004-2008 жылдарға арналған жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекітілсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Жоспарда көзделген iс-шараларды орындау жөнiнде шаралар қабылдасын.
3. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2004 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 274-ө өкімімен бекітілген
ҚР Премьер-Министрінің 2006.21.03. № 65-ө Өкімімен өзгертілді (бұр.ред.қара)
Халықаралық транзиттiк дәлiздерде жол бойындағы
инфрақұрылымды дамыту жөнiндегі iс-шаралардың
2004-2008 жылдарға арналған жоспары
Ескертулер. Әрiптiк аббревиатуралардың толық жазылуы:
ККМ - Көлiк және коммуникациялар министрлігі;
IIМ - Iшкі iстер министрлігі;
ИСМ - Индустрия және сауда министрлігі;
ЭMPM - Энергетика және минералды ресурстар министрлігі;
ҚОҚМ - Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
ТЖМ - Төтенше жағдайлар министрлігі;
АБА - Ақпараттандыру және байланыс агенттігі;
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;
*ҚНжЕ - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс iстерi жөніндегі комитетінiң 2003 жылғы 29 қаңтардағы № 32 бұйрығымен бекітілген Құрылыс нормалары және ережелерi, 2003 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгiзiлген.