2020 жылға дейінгі мерзімге арналған Алматы қаласын дамытудың Бас
жоспарының жобасын бекіту туралы Алматы қалалық мәслихаттың 2001 ж. 31
қазандағы шешімі
"Қазақстан Республикасындағы жергілікіті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңының 6 бабына және Алматы қаласы әкімінің ұсынымына сәйкес II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2020 жылға дейінгі мерзімге арналған Алматы қаласын дамытудың Бас Жоспарының жобасы келісілсін (NN 1, 2, 3) және 2020 жылға дейінгі мерзімге арналған Алматы қаласын дамытудың Бас жоспарының жобасы бекіту үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынылсын.
2. Алматы қаласының әкіміне ұсынылсын:
- жыл сайын қала аумағын дамытудың Бас жоспарын жүзеге асыру бойынша жобалау-жоспарлау жұмыстары үшін қала бюджетінен қаражат қарастырылсын.
- Алматы қаласын аумағын дамытудың Бас жоспарын жүзеге асыруға шетел және отандық инвесторларды тарту бойынша жұмыстар өрістетілсін.