Ақпарат жеткізушілердің ақпаратты беру тәртібіне қойылатын шарттар мен ең төменгі талаптар туралы, кредиттік тарих субъектілерінің олар туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін ресімдеу, кредиттік есепті беруге келісімді ресімдеу тәртібі туралы және кредиттік есеп беру шарттары мен тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы № 250 қаулысы (2013.26.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Ақпарат жеткізушiлердiң ақпаратты беру тәртібіне қойылатын шарттар мен ең төменгi талаптар туралы, кредиттiк тарих субъектiлерiнiң олар туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға беруге келісімiн ресiмдеу, кредиттiк есептi беруге келісімдi ресiмдеу тәртібі туралы және кредиттiк есеп беру шарттары мен тәртібі туралы ереженi бекіту жөнiнде
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы № 250 қаулысы

(2013.26.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 53 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттiгiнiң (бұдан әрi Агенттiк) Басқармасы қаулы етеді:

1. Ақпарат жеткізушiлердiң ақпаратты беру тәртібіне қойылатын шарттар мен ең төменгi талаптар туралы, кредиттiк тарих субъектiлерiнiң олар туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға беруге келісімiн ресiмдеу, кредиттiк есептi беруге келісімдi ресiмдеу тәртібі туралы және кредиттiк есеп беру шарттары мен тәртібі туралы ереже бекітілсiн.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.

3. Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев Е.С.):

1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны екiншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.

4. Агенттiктiң қызметiн қамтамасыз ету департаментi (Несiпбаев Р.Р.) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.