Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2585 тіркелген,
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық
портфельді басқарушының есеп беру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы
27 қазандағы № 377 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы
21 тамыздағы № 253 қаулысы
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына және 52-бабына, "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқарушының есеп беру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы № 377 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2585 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" № 25 басылымдарында 2003 жылы жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқарушының есеп беру ережесінде:
1-тармақта:
1) тармақшада:
мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын: