N 2491 болып тіркелген «Квитанциялардың және фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолданбай қызмет көрсету кезінде тұрғындарға берілетін чектерге теңестірілген басқа да қатаң есептілік құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 26 тамыздағы № 344 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 16 қыркүйектегі № 445 бұйрығы (күші жойылды)

№ 2491 болып тіркелген "Квитанциялардың және фискальдық жады бар
бақылау-касса машиналарын қолданбай қызмет көрсету кезінде тұрғындарға
берілетін чектерге теңестірілген басқа да қатаң есептілік құжаттарының
нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 26 тамыздағы № 344 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 16 қыркүйектегі № 445 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы № 5 бұйрығымен күші жойылды

 

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 546-бабына сәйкес бұйырамын:

1. "Квитанциялардың және фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолданбай қызмет көрсету кезінде тұрғындарға берілетін чектерге теңестірілген басқа да қатаң есептілік құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 26 тамыздағы № 344 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2491 болып тіркелген, "Ресми газеттің" 2003 жылғы 25 қазандағы № 43 (148) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 1-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"2) 2-қосымшаға сәйкес автоматтандырылмаған почта байланысы бөлімшелерінде почта жіберілімдері мен аударымдарының төлемдерін қабылдау үшін почта жіберілімін немесе почта аударымын қабылдауға арналған квитанция;";

4) тармақша алып тасталсын;

8) тармақшадағы "поездардағы" деген сөз "темір жол ұйымдарының негізгі қызметі бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

9) тармақшадағы "жолаушылар шаруашылығынан түсетін" деген сөздер "темір жол көлігі ұйымдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

3) 7-қосымшада квитанцияның атауында және мәтіні бойынша "станцияларында" деген сөз "желілерінде" деген сөзбен ауыстырылсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.