Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы 1997 жылғы 11 қарашадағы еркін сауда туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама (2004 жылғы 11 қараша, Женева қ. )

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметi арасындағы 1997жылғы 11 қарашадағы еркiн сауда туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
хаттама
(Женева қ., 2004 жылғы 11 қарашада)

 

2005 ж. 30 қыркүйектегі № 78-III  ҚР  Заңымен бекітілді

 

Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкiметі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметінiң арасындағы 1997 жылғы 11 қарашадағы еркiн сауда туралы келісімге (бұдан әрi - Келісім) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы келiстi:

1. Келісімнiң 2-бабында:

1-тармақта:

«жыл сайын» деген сөздер алынып тасталсын;

«Хаттамамен» деген сөздiң алдынан «осы Келісімнiң ажырамас бөлiгі болып табылатын» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:

«Тараптар осы Келісімнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын көрсетiлген Хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы мен Грузия арасында қолданылатын еркiн сауда режимiнен алуларды қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы еркiн сауда режимiнен алуларды кезең-кезеңімен жою кестесiне сәйкес жоюға келiсті.»;

2-тармақ алынып тасталсын;

мынадай редакцияда жаза отырып, 3-тармақ 2-тармақ болып есептелсiн:

«2. Осы Келісімнің мақсаттары үшiн және оны қолдану кезеңiндегі Тараптар мемлекеттерінің кеден аумағынан шығатын тауарлар деп, шығарылуы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкiметтерiнiң басшылары Кеңесінің 2000 жылғы 30 қарашадағы шешiмiмен бекiтілген Тауарларды шығаратын елдерді айқындау ережесiне сәйкес айқындалған тауарлар ұғынылады.».

2. Келісім осы Хаттаманың қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

Осы Хаттама Келісімнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және Тараптардың оның күшiне енуiне қажетті мемлекетiшілiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

2004 жылғы 11 қарашада Женева қаласында  қаласында екi түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, грузин және орыс тiлдерiнде жасалған, әрi барлық мәтiндердiң, бiрдей күшi бар.

Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiру барысында келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегi мәтiнге жүгінетiн болады.

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.