Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 11 ақпандағы № 148 қаулысына
толықтыру мен өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 3 қарашадағы № 1140 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Республикалық және жергілiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен шетелдiк iссапарларға валюталық қаражаттың жұмсалуын ретке келтiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 11 ақпандағы № 148 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 7, 75-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзілсiн:
1) 1-тармақтың 2) тармақшасында "Үкiмет мүшелерi," деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының орынбасарлары," деген сөздермен толықтырылсын;
2) 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) шетелде қысқа мерзiмдi iссапарларда жүрген қызметкерлердiң тәулiктiк шығыстарын өтеу және отельдерде бір орынды стандартты нөмiрлердi жалдау жөніндегі шығыстарды өтеудiң шектi нормалары АҚШ долларымен: