Қазақстан Республикасының ауылдық (селолық) округтері, ауылдары (селолық), кенттері әкімдерінің сайлауын өткізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1484 Жарлығы; (ҚР Президентінің 2005.08.07.№ 1613 Жарлығымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының ауылдық (селолық) округтері, ауылдары
(селолық), кенттері әкімдерінің сайлауын өткізу туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1484 Жарлығы

(ҚР Президентінің  2005.08.07.№ 1613 Жарлығымен  енгізілген өзгерістерімен)

 

ҚР Президентінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 86 Жарлығымен күші жойылды

 

ҚР жекелеген аудандары әкімдерінің сайлауын эксперимент ретінде өткізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 06.12.04 ж. № 1485 Жарлығын қара

Қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыру мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 36-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ауылдық (селолық) округтері, ауылдары (селолары), кенттері әкімдерінің сайлауын өткізу ережелері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы:

ҚР Президентінің 2005.08.07.№ 1613  Жарлығынмен 1) тармақша жаңа редакцяда (бұр.ред қара)

1) мемлекеттік басқаруды ода әрі орталықсыздандыру мәселелері жөніндегі заңдарды қолданысқа енгізгеннен және жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізгеннен кейін Қазақстан Республикасының ауылдық (селолық) округтері, ауылдары (селолары), кенттері әкімдерінің сайлауын белгілесін, ұйымдастырсын және кезең-кезеңімен өткізсін.

2) осы Жарлықта көзделген сайлау өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің саны мен тізбесін облыстардың әкімдерімен бірлесіп айқындасын.

3. «Ауылдық (селолық) округтердің, ауылдар (селолар), кенттер әкімдерін сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 23 маусымдағы № 633 Жарлығының 1-тармағының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 21, 259-құжат).

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстардың әкімдері аталған әкімдер сайлауын ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қолдансын.

5. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.