Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 19 ақпандағы № 173 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 1261 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 391 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушiлерiн оқулықтармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпандағы № 173 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 8, 89-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерiн оқулықтармен қамтамасыз ету ережесінде:
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Жергiлiктi атқарушы органдар оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдарды сатып алу мен жеткiзудi ұйымдастырады, оның iшiнде жалпы орта білім беретiн мемлекеттік білім беру ұйымдарының кiтапханаларын Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы ұсынған барлық оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелік құралдардың міндеттi данасымен қамтамасыз етедi.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының