Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2335 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 137 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 298 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2335 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 137 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 298 қаулысы

 

ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010.30.04. № 59 қаулысымен күші жойылды

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, 69-бабының 1-тармағына, «Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 10), 11) тармақшаларына, «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 137 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2335 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» № 11 басылымдарында 2003 жылғы 19 мамырда - 1 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

атауында және 1-тармақта «Бағалы қағаздар портфелін» деген сөздер «Инвестициялық портфельді» деген сөздермен ауыстырылсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.