Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 және
2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 желтоқсандағы № 1271 Қаулысы
(2008.23.12. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкімеітінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 56 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілiк заттардың, оның iшiнде дәрілік субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрi-дәрмек және диабеттік құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 15, 145-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, оның iшiнде дәрілік субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрi-дәрмек және диабеттiк құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2) ҚР Үкіметінің 2008 ж. 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің
2004 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1271 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 10 наурыздағы
№ 378 қаулысымен
бекітілген
Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік
заттардың, оның iшiнде дәрілік субстанциялардың,
протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда,
медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың,
сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария)
техникасының, дәрi-дәрмек және диабеттiк құралдарды
өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың,
протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда,
медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың
және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесi