Жануарлардың жұқпалы ауруларын алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 12 қарашадағы № 665 бұйрығы (2010.03.07. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Жануарлардың жұқпалы ауруларын алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 12 қарашадағы № 665 бұйрығы

(2010.03.07. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.03.07. № 434 Бұйрығымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» Заңының 26-бабы 2-тармағына және 9-бабы 8) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырғандары бекітілсiн:

1) Жануарлардың Ауески ауруын алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесi;

2) Лептоспирозды алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесi.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.03.07. № 434 Бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық және Астана, Алматы қалаларының аумақтық инспекцияларымен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен, осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жүргiзу, Ветеринария департаментiнiң директоры А.Ә. Қожамұратовқа жүктелсiн.

4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінен мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi және бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы жариялану сәтiнен бастап қолдануға енгiзiледi.

 

 

Министр

Үмбетов С.А.

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2004 жылғы 12 қарашадағы

№ 665 бұйрығымен бекітілді

Жануарлардың Ауески ауруын алдын алу және

жою жөніндегі Ветеринариялық ережесі

Осы Жануарлардың Ауески ауруын алдын-алу және жою жөніндегі Ветеринариялық ережесі (кейін - Ветеринариялық ереже) Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 26-бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде ветеринариялық шаралардың жүргізуін ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.