Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 1305 қаулысы (2007.19.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

Құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң негізгі өндірiстік қуаттары республиканың шығыс, оңтүстiк және орталық облыстарында орналасқан. Аумақтық орналастырудағы сәйкессiздiктер жоғары тарифтiк жағдайларда өнiмдер мен шикiзаттарды жеткізу бойынша көп қаржы шығынына алып келедi. Едәуiр қашықтыққа жеткiзген кезде сату бағасындағы көлiк шығыстарының үлес салмағы 55-65%-ға жетедi, бұл республиканың облыстары бойынша бағаның едәуiр саралануына алып келедi (4-кестенi қараңыз).

4-кесте

Құрылыс материалдарының жекелеген түрлерiне

арналған 2003 жылғы орташа бағалар

 

 

3.3. Жанама салаларды дамытудың әлеуетi

Ұлттық экономикадағы осы саланың орнын анықтай отырып, оның өнеркәсiптiң басқа салаларымен өзара байланысын айқындау қажет. Iс жүзiнде салалар арасындағы өзара байланыс анағұрлым кең және күрделi, оларды оңайлатылған түрде ұсыну құрылыс материалдары өндiрiсiнiң салаларын, оның ұқсас және көмекшi салаларын дамытуға әсер ететiн негiзгi процестердi қадағалауға мүмкiндiк бередi. Мәселен, қаралып отырған саланың шикiзаттық базасы тау-кен өндiру өнеркәсiбi болып табылады, бiрақ қиыршықтас, құм, әктас және өзгелер сияқты рудалық емес құрылыс материалдары өңдеуге ұшырамайды және бiрден тұтынылады. Химиялық өнеркәсiп және металлургия да құрылыс материалдарының кейбір түрлерiн өндiру үшiн шикiзат жеткізушілер болып табылуы мүмкiн. Одан әрi дайын өнiм тұтынушы рынокқа (құрылыс ұйымдарына) тiкелей түсуi мүмкiн, бiрақ көбiнесе құрылыс материалдары сауда делдалдары арқылы сатылады.

Өндiрушiлер сатып алушылар ретінде де қатысуы мүмкiн, яғни құрылыс заттарының көптеген түрлерiн өндiру үшiн компонент ретiнде әртүрлi құрылыс материалдары қажет, мысалы шифр, темірбетон бұйымдары үшін цемент қажет және т.б. Құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары саланың өзiнен 20%-дан астам өнiмдi тұтынады, оның 75%-ы сала iшiндегі айналымды құрайды. Салада 35%-ға жуық өндiрілетiн цемент және 30%-ға жуық басқа да кiшi салалардың өнiмдерi, негiзiнен асбест және рудалық емес құрылыс материалдары тұтынылады.

Көмекшi салалармен өзара байланысты қалыптастырудың маңызы зор, оларсыз (технологиялар және жабдықтар, тасымалдау, электр энергиясы, жұмыс күшi, капитал) құрылыс материалдары өндiрiсiнiң саласы болуы мүмкiн емес. Егер бұрын мұндай аудит, консалтинг және сақтандыру сияқты қызметтер көрсету сала үшін қажет емес болса, дәл қазiр бәсекеге қабілетті саланы мұндай инфрақұрылымдарсыз қамтамасыз ету мүмкiн емес. Құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң жекелеген кiшi салалары бойынша қосымша құн тiзбектемесiн, оның ықпалдастырылу деңгейiн зерделеу сондай немесе өзге проблемалардың бар екендiгін және олардың туындау себептерiн көрсетуi мүмкiн.

Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсiбi құрылыс саласының тұтастай әлеуетiн айқындайтын өндiрiс саласы болып табылады.

Бұл орайда саланың қарқынды даму мүмкiндiгiнiң қолда бар әлеуетiн атап өткен жөн.

Сонымен, саланың дамуына кепiлдiк беретiн күштi тараптарға мыналар жатады:

мамандандырылған ғылыми-зерттеу институттары және ұйымдар түрінде ғылыми-техникалық әлеуеттiң болуы;

Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қабылдауға байланысты өнiмдердi тұтынатын сыйымды рыноктың болуы және оның артуы;

инвестициялық ресурстарға мүдделі кәсiпорындардың қол жеткізуiне мүмкiндiк ашатын даму институттарының болуы;

саланың дамуын қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты жете түсiну;

өңiрлiк құрылымдарды қалыптастыруға мүмкiндiк беретiн жеткiлiкті шикiзат базасының және материалдардың, бұйымдар мен құрастырмалардың көптеген номенклатурасын шығаруға арналған кiшi салалардың болуы.

Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсiбiнiң жай-күйін талдау, өндiрiстiк-экономикалық байланыстардың үзiлуi, iшкi рыноктың күрт тарылуы және тұтынушы сұранымының төмендеуi, күрделi құрылысқа инвестициялардың бiрнеше есе азаюы, энергия ресурстары мен қызметтер көрсетуге бағаның артуы саланың көптеген кәсiпорындарын экономикалық құлдырауға, банкротқа ұшырауға әрі таратуға алып келгендігін көрсетедi. Құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң құлдырауы 1990 жылғы деңгейден 1999 жылы өнiмдердi шығару не бары 7,1%-ды құрауына алып келдi. Өтпелi кезеңнiң қиындықтарын республиканың рыногында бос қалған орындарды иемденген шетелдiк фирмалар мен компаниялар ұтымды пайдаланды.

Сонымен бiрге, құрылыс кешенiнiң материалдық базасының бiрқатар позициясы бойынша 1999 жылы өндiрiстiң құлдырауы тоқтағаны анық, ал олардың iшiнен кейбіреулерiнiң өркендеуi сала кәсiпорындарының бiраз бөлiгі рыноктық жағдайларға бейiмделе бастағандығын айғақтайды.

3.4. Саланың дамуын тежейтiн негiзгi факторлар

Саланың құрылымы айқын шикiзаттық немесе шикiзатқа жуық бағыттарға ие, республикада қайта өңдеудiң жоғарғы дәрежесiнде және құрылыс кешенiнiң қазiргі заманғы талаптарына сәйкес өнiмдер өндiретiн кәсiпорындар жеткiлiксiз. Экспорттың негізгі материалдары асбест және рудалық емес құрылыс материалдары болып табылады, сонымен қатар табақты шынының, қабырғалық материалдардың, қазiргi шатырлық материалдардың, қыштан жасалған бұйымдардың және сантехникалық бұйымдардың импорты жүзеге асырылуда.

Құрылыс материалдарын өндiретiн кәсiпорындардың көпшiлiгi орта немесе шағын және осының салдарынан оларда өндiрiстi жаңғырту (не ұйымдастыру) жөніндегі жобаларды қаржыландырумен байланысты елеулi проблемалар бар. Проблемалар өзiндiк айналымдық қаражатпен жеткiлiктi қамтамасыз етілмеуi бөлiгiнде де, сондай-ақ лизингтiк операцияларды қамтамасыз етуде де туындауда.

Шағын кәсiпорындар iшкi және сыртқы рыноктарда да бәсекеге қабiлетсiз, өйткенi бiр өндiрiстiк тiзбектiң iшiнде тұрған кәсiпорын өнiмдi рынок бағасымен шығарады, осылайша анағұрлым жоғары қосымша құны бар сегментте тұрған өндiрушiлердi шикiзат алумен немесе оны алғашқы қайта өңдеумен айналысатын кәсiпорындарға қарағанда бәсекеге қабiлетсiз етедi.

Менеджердiң жеткiлiксiз білiктілігі сала кәсiпорындарына өндiрiстiк ресурстарды тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк бермейдi.

Сала кәсiпорындарында да, соңғы өнiмдi негізгі тұтынушыларда да айтарлықтай ақпарат жеткiлiксiздiгі сезiледi. Сала кәсiпорындары саланы әлемдiк, өңiрлiк және ұлттық деңгейде дамытудың қазiргi заманғы үрдiстерi туралы ақпаратқа мұқтаж, өнiмнiң әртүрлi түрлерi бойынша маркетингтiк зерттеулер қажеттілiгi бар (отандық және өңiрлiк рыноктар). Құрылыс ұйымдары құрылыс белсендiлiгінiң негізгi орталықтарына тасымалдаудың бағалары мен тарифтерi көрсетiлген құрылыс материалдарының отандық өндiрушiлерi туралы ақпаратқа мұқтаж.

Бүгінгі күнi кәсiпорын iшiнде инновациялық жұмыс iс жүзiнде жүргізілмейдi. Осы ретте, республикада құрылыс материалдарын алудың және қолданыстағы өндiрiстiк желiлердi жаңғыртудың жолдарын iздестiрудiң жаңа тәсiлдерiн әзiрлеумен айналысатын арнайы ғылыми-зерттеу институттары iс жүзiнде жоқ.

Қалыптасқан жағдай орташа жедел перспективадағы мемлекеттiң тiкелей араласуынсыз iшкi рыноктағы отандық кәсiпорындардың бәсекеге қабiлетсiздiгіне әкеледi.

Осылайша, салалық өзгеше ерекшелiктерi бар құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсiбiнiң әлсiз жақтарына мыналар:

өндiрiстердi жарақтандырудың техникалық төменгi деңгейi;

кәсiпорындардың айналым қаражатының және өндiрiстердi жаңғырту мен техникалық қайта жарақтандыру үшiн қорланудың жеткілiксiздiгi;

өнiмдi өндiрудiң жоғарғы өзiндiк құны;

нормативтік-ақпараттық қамтамасыз етудiң нашар дамуы, әсiресе шикiзаттың бары және жаңа сапа стандарттарын енгізу жөнiндегі рәсiмдер туралы ақпарат бөлiгінде;

өндiрiстердi орналастыруда аумақтық сәйкессіздіктердің болуы;

жаңа импорт алмастыратын және экспортқа бағдарланған өндiрiстердi дамыту үшiн инвестициялардың жеткілiксiз болуы;

кәсiпорындардың көлiктік қызметтер көрсетуге қол жеткізуге және құнына жоғары тәуелдiлiгi;

мамандардың аса жетіспеушілiгi және оларды республикада дайындаудың сандық деңгейiнiң төмендiгі жатады.

Бұның бәрi көпшiлiк кәсiпорындарды техникалық және технологиялық жарақтандырудың қазiргі деңгейi қазiргі әлемдiк стандарттарға сәйкес келетін отандық құрылыс материалдарын шығаруды ұйымдастыру мүмкiн болмай отырғандығын куәландырып отыр.

Көптеген дамыған елдердiң (АҚШ, Жапония және басқалар) практикасы экономикалық дағдарыстан шығудың тиiмдi шараларының бiрi ретiнде өнеркәсiптiк өндiрiске ғылыми-техникалық жетiстіктердi тарту және оларды дамыту екендігін көрсетiп отыр. Отандық құрылыс материалдары өнеркәсiбiндегі ғылыми-техникалық прогресс, негізiнен шетелдiк ғылыми-техникалық әзірлемелерге және импорттық технологиялық жабдықтар сатып алуға негiзделген. Бұл саланы дамытудың басым бағыттарындағы жаңа салалық ғылыми зерттеулер және шетелдiк технологиялар, алдыңғы қатарлы кәсiпорындардың тәжiрибелерi базасында күш-жiгердi шоғырландыруды талап етедi.

1993-1996 жылдар кезеңінде отандық ғылыми-зерттеу институттары (ҚазМСҚА, «ҚұрылысматериалҒЗЖИ» ЖАҚ-ы, «(ҚазҒЗСТҚСИ» PMК, ҒҰА ХИ) ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстардың ғылыми-техникалық бағдарламаларын орындады. ҒЗТКЖ-ды орындау нәтижелерінің негізiнде құрылыс индустриясының базасын жаңғырту және қайта жаңарту жөніндегі «Кешендi бағдарлама» мен мақсатты бағдарламалар: «Неопорбетон», «Волластонит», «Полимерлi құрылыс материалдары» және т.б. әзiрлендi. Алайда, қаржылық қаражаттың жеткіліксіз болуы ҒЗТКЖ нәтижелерiн өндiрiске кеңiнен енгізуге мүмкіндік бермейді.

Сондықтан, құрылыс материалдары өнеркәсiбiн қарқынды дамытуға, өндiрiсті технологиялық жаңартуға, экспортқа бағдарланған құрылыс өнімдерінің сапасын дамытуға және ғылымды қажетсiнетiн өндiрiсті дамытуға бағытталған шараларды әзiрлеу барынша өзектi болып отыр.

3.5. Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының

өндiрiсiне арналған Қазақстанның минералдық-шикiзат базасы

Шикiзаттың негізгі түрлерiнiң кен орындарын нақтылау және өңiрлерде кен орындары кадастрының түзету жасау құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының өнеркәсiбiн дамытудың, жергілiктi материалдық өндiрiстi дамытудың негiзгi мәселелерiнiң бiрi болып табылады. Қазақстанның минералдық-шикiзат базасына мониторинг жүргiзу құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының өндiрiсiне, оның iшiнде құрылыс кешенiнiң қазiргi талаптарына сәйкес келетiн жоғары дәрежеде қайта өңделетiн өнiмдерге арналған шикiзаттың негізгі түрлерiнiң пайдаланылатын кен орындарының жеткілiкті мөлшерде екендігін дәлелдейдi. Бiрақ, қазiргi уақытта пайдаланылатын кен орындарымен салыстырғанда резервтегі, өңделмеген кен орындарының саны басым болып отыр, бұл шикiзат базасын жеткілiксiз пайдаланып отырғанымызды дәлелдейдi және аса қарқынды дамуға алғышарт жасайды.

Құрылыс индустриясының шикiзат базасын кеңейтудің басым бағыттарының бiрi өнеркәсiптiң қалдықтарын өндiрiске тарту болып табылады.

5-кесте

Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен

құрастырмаларының өндiрiсiне арналған Қазақстанның

минералдық-шикiзат базасы

   
 

6-кесте

Облыстар шегiнде құрылыс материалдарының,

бұйымдары мен құрастырмаларының өндiрiсiне арналған

Қазақстанның минералдық-шикiзат базасы