Қазақстан Республикасының белгіленген кеден органдарында тауарлардың
жекелеген санаттарын декларациялау туралы Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2004 жылғы 4
желтоқсандағы № 458 бұйрығы
ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005.18.07. № 263 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Кеден кодексінің 373-бабына сәйкес, тауарлар мен көлік құралдарын қазақстан-қытай шекарасы арқылы өткізу кезінде кедендік бақылауды және кедендік төлемдер мен салықтарды өндіріп алудың толықтығын күшейту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қытай Халық Республикасынан Қазақстан Республикасына "Қорғас" өткізу пункті арқылы автомобиль көлігімен әкелінетін тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау және кедендік ресімдеу "Қорғас" кеденінде жүргізілсін.