Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Cақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иеленуге рұқсат беру ережесін
бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы № 207 қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының
2004 жылғы 27 қарашадғы № 323 қаулысы
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.09.01. № 20 Қаулысымен күші жойылды
Cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы № 207 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1906 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Вестник Национального Банка Казахстана" және "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" басылымдарында 2002 жылғы 15-28 шілде аралығында № 15 (237) жарияланған); Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы № 416 қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2638 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген Cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру ережесінде:
4-тармақтағы "өтініш білдіруге құқылы" сөздері "өтініш жасайды" деген сөздермен ауыстырылсын;