«Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің жоғары оқу орындары мен колледждеріне үміткерлерді іріктеудің Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 459 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы № 650 бұйрығы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің жоғары оқу орындары мен колледждеріне үміткерлерді іріктеудің Ережелерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 459 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Ішкі
істер министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы № 650 бұйрығы

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 4 наурыздағы № 163 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі жұмысты жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің жоғары оқу орындары мен колледждеріне үміткерлерді іріктеудің Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 459 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 745 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына үміткерлерді іріктеу ережелерінде:

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарында оқуға үміткерлерді іріктеу (Осы Ережелерге 1-қосымша) жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары білімі бар ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қойылатын талаптарға жауап беретін, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасы азаматтарының арасынан жүргізіледі.»;

4-тараудың атауы алынып тасталсын;

27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Күндізгі оқуға ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрам адамдары, ішкі әскерлердің әскери қызметшілері және 25 жасқа дейінгі, жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта білімі бар басқа да азаматтар жіберіледі.»;

5-тараудың атауы алынып тасталсын;

29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«29. Сырттай оқуға:

жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта білім негізінде 35 жасқа дейінгі, ішкі істер органдары мен ішкі әскерлерде кемінде 3 жыл қызмет өтілі бар және орта басшы құрам лауазымына жоғарылатуға резервте тұрған ішкі істер органдарының қызметкерлері және ішкі әскерлердің әскери қызметшілері жіберіледі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.