Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы
Қазақстан-Ресеймемлекеттік шекарасы туралы
шарт
(Мәскеу қ., 2005 жылғы 18 қаңтарда)
2005 ж. 2 желтоқсандағы 92-III ҚР Заңымен шарт ратификацияланды
2006 жылғы 12 қаңтарда күшіне енді
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларын, атап айтқанда, аумақтық тұтастық пен шекаралардың мызғымастығы қағидаттарын, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы 1992 жылғы 25 мамырдағы шарттың, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXI ғасырға бағдарланған, мәңгілiк достық және одақтастық туралы 1998 жылғы 6 шiлдедегi декларацияның ережелерін басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Президенттерiнiң 1998 жылғы 6 шiлдедегі Бiрлескен мәлiмдемесiн және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Мемлекеттік шекараны делимитациялау жөнiндегі ниетке қатысты 1998 жылғы 12 қазандағы хаттаманы назарға ала отырып,
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттік шекараның өтуiн белгілеу мақсатында,
төмендегілер туралы уағдаласты:
Осы Шартта «мемлекеттік шекара» терминi деп Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының құрлықтағы, судағы, жер қойнауындағы және әуе кеңiстiгiндегi аумақтарының шектерiн белгілейтiн сызықты және осы сызық бойынша өтетiн тiк түскен кеңiстiк ұғынылады.
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының бастапқы нүктесі Тараптар арасындағы жеке шартпен белгіленедi.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттік шекара Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттік шекара сызығының өту сипаттамасында (1-қосымша) қалай көрсетiлсе және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Мемлекеттік шекара картасында (2-қосымша) қызыл түстi бiрыңғай сызықпен қалай бейнеленсе, солай өтетiн болады.
Аталған қосымшалар осы Шарттың ажырамас бөлiктерiн құрайды.