"Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі агенттiгi Басқармасының "Қор биржасында айналысқа
жiберiлетiн (жiберiлген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына,
сондай-ақ қор биржасының тiзiміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар
туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы № 63 қаулысына толықтырулар мен
өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004
жылғы 27 қарашадағы № 336 қаулысы
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы № 73 Қаулысымен күші жойылды
Эмитенттердiң және олардың бағалы қағаздарын ұйымдасқан рынокта айналысқа жiберу тәртібін реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттiгi Басқармасының "Қор биржасында айналысқа жiберiлетiн (жiберiлген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тiзiміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы № 63 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 2803 тiркелген, 2004 жылы "Қаржы хабаршысы" № 4-5 (5) журналында жарияланған) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттiгi Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы № 246 қаулысына енгiзiлген өзгерістермен (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 3122 тiркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:
3-тармақта: