"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 197ам қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулының 196-қосымшасында:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны:
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"Мектеп-интернаттың оқу корпусының шатырына күрделi жөндеу, оқу, жатын орын корпустарына, акт залына, ғимараттарының электрмен және сумен жабдықтау желiлерiне күрделi жөндеу жүргiзу үшiн жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеу және мемлекеттік сараптама жүргізу.";
сегiзiнші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Негiзгi құралдарды сатып алу: асханаға арналған жабдық: қуыру шкафы - 1 дана, тұрмыстық тоңазытқыш - 1 дана, электр таба - 1 дана, электр плитасы - 2 дана, ыдыс жуу машинасы - 1 дана, электр ет турағышы 1 дана, электронды таразы - 2 дана, тоңазытқыш камера - 2 дана, мармит 1 дана; музыкалық аспаптар: пианино - 3 дана, скрипка - 2 дана, виолончель - 1 дана, контрабас - 3 дана, рояль - 1 дана, арфа - 1 дана; киiм шкафтары - 25 дана, жұмсақ жиһаз - 2 жиынтық, компьютер - 5 дана; медпунктке арналған жабдық: физиокабинет - 1 жиынтық. Бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттама мен мемлекеттік сараптамаға сәйкес күрделi жөндеу жүргiзу";
2) көрсетiлген қаулының 197-қосымшасында:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5 және 7-бағандарында: