Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы
Қазақстан Республикасының 1991 ж. 20 желтоқсандағы
N 1017-XII Заңы
(ҚР Президентінің 03.10.95 ж. N 2477 Жарлығымен; ҚР 17.05.02 ж. N 322-II;
04.10.04 ж. N 600-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 13-III ҚР Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 9 баптар)2-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтығын алу (10 - 18 баптар)3-тарау. Азаматтықты тоқтату (19 - 21 баптар)4-тарау. Ата-анасы азаматтығын өзгерткен және асырап (22 - 28 баптар)5-тарау. Қазақстан Республикасы Президентiнiң және мемлекеттiкоргандарының азаматтық мәселелер жөнiндегi өкiлеттiгi (29 - 31 баптар)6-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегіарыздар мен ұсыныстарды қарау бойынша іс жүргізу (32 - 38 баптар)7-тарау. Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдердің орындалуы (39 - 40 баптар)8-тарау. Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдерге шағым беру (41-бап)9-тарау. Халықаралық шарттар (42-бап)ҚР Президентінің 03.10.95 ж. N 2477 жарлығына сәйкес кіріспе өзгертілді
Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен тұрақты саяси-құқылық байланысын айқындайды, бұл байланыс олардың өзара құқылары мен міндеттерінің жиынтығынан көрінеді.
Қазақстан Республикасында әрбiр адамның азаматтық алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының азаматтығы осы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.
1-тарау
Жалпы ережелер
ҚР 17.05.02 ж. N 322 Заңына сәйкес 1-бап өзгертілді
1-бап. Азамат және мемлекет