(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы

офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы, жоғары

оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы ережелердi

және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң

(курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының

тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Министрлер

Кабинетiнiң қаулысы 3 қазан 1994 ж. N 1094



Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 12 тамыздағы N 803 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Жоғары оқу орындарында запастағы офицерлер даярлауды тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) әскери даярлау туралы, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы қоса берiлiп отырған ережелер және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының қоса берiлiп отырған тiзбесi бекiтiлсiн.

2. Қарамағында жоғары оқу орындары бар Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетi 1994 жыл iшiнде запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттерiнiң (курсанттарының) әскери даярлығын ұйымдастыруға көшудi жүзеге асырсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне жүктелсiн.

 4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:

"ССРО Министрлер Кеңесiнiң "Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы ережесiн және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесi бекiту туралы" 1990 жылдың 31 тамызындағы N 880 қаулысы туралы Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1990 жылғы 5 қазандағы N 407 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1990 ж., N 24, 131-бап);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.