Экологиялық сараптама туралы Қазақстан Республикасының
1997 ж. 18 наурыздағы N 85-1
Заңы
(ҚР 24.12.98 ж. N 334-1; 11.05.99 ж. N 381-1;
02.07.03 ж. N 454-11 Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 9 баптар)2-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк (10 - 12 баптар)органдарының экологиялық сараптамасаласындағы құзыретi3-тарау. Мемлекеттiк экологиялық сараптама (13 - 28 баптар)4-тарау. Қоғамдық экологиялық сараптама (29 - 32 баптар)5-тарау. Экологиялық сараптаманы қаржыландыру (33 - 34 баптар)6-тарау. Экологиялық сараптама жасалуға тиiс (35 - 36 баптар)құжаттама тапсырысшыларының құқықтарымен мiндеттерi7-тарау. Экологиялық сараптама саласында (37 - 38 баптар)келiспеушiлiктердi шешу8-тарау. Қазақстан Республикасы табиғат қорғау (39 - 40 баптар)заңдарының экологиялық сараптамасаласында бұзылу түрлерi9-тарау. Экологиялық сараптама саласындағы (41 бап)халықаралық ынтымақтастық Осы Заң басқарушылық, шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасы азаматтарының өмiрi мен денсаулығына терiс әсер етуiне жол бермеу мақсатында экологиялық сараптама саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Терминдер мен анықтамалар
Экологиялық сараптама - шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта сапасының нормативтерi мен экологиялық талаптарға сәйкестiгiнiң, осы қызметтiң қоршаған ортаға жасауы ықтимал терiс әсерлерiнiң және соларға байланысты зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектiсiн iске асыруға қол жеткiзiлетiндiгiнiң анықтамаса.
Экологиялық сараптама жасалуға жататын құжаттаманың тапсырыcшысы - жоспарланып отырған қызметтi жобалауға тапсырма берген және сараптама объектiсiн қаржыландыруды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға.
Сараптаманың бастамашысы - жобаның тапсырысшысын қоса алғанда, мемлекеттiк немесе қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудiң қажеттiгi туралы мәселе қойған заңды немесе жеке тұлға.