(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi

лицензиялау туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 2 қазандағы N 1402

Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 12 мамырдағы N 439 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды



"Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

1. Қоса берiлiп отырған Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялау туралы ереже бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы осы қаулыны iске асыру жөнiндегi қажеттi шаралар қабылдасын.

 Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң

 мiндетiн атқарушы
 Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 1997 жылғы 2 қазандағы
 N 1402 қаулысымен
 бекiтiлген
 
 Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару
 жөнiндегi қызметтi лицензиялау туралы
 ЕРЕЖЕ
 

Осы Ереже зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялар және Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жинақтаушы қорлардың активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялау мен бақылаудың тәртiбiн белгiлейдi және осы қызметтi жүзеге асыруға арналған бiлiктiлiк талаптарын айқындайды және ол "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заң күшi бар Жарлығына сәйкес әзiрлендi.

 I. Жалпы ережелер
 

1. Лицензиялау зейнетақы активтерiн және Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөнiндегi компаниялардың (бұдан әрi - Лицензиат) қызметтерiне бақылау жасауды қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.