(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

24 Бухгалтерлiк есеп стандарты. Бухгалтерлiк қызметтердi ұйымдастыру.



Осы редакция ҚР Қаржы министрінің 2003 жылғы 11 наурыздағы N 101 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қызметтердiң мақсаты және ауқымы

1. Бухгалтерлiк қызметтердi ұйымдастырудың тәртiбiн субъектiлердiң осы стандарты белгiлейдi.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Заң күшi бар, 1995 жылғы 26 желтоқсандағы "Бухгалтерлiк есеп туралы" N 2732 Жарлығының 1-бабы, 1-тармағында "субъект" терминiне анықтама берiлген

2. Бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есеп берудi құру субъектiлердiң төмендегi негiздерiнде:

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Бухгалтерлiк есеп туралы" Жарлығымен;

бухгалтерлiк есептiң стандарттарымен (БЕС);

БЕС-ке арналған әдiстемелiк ұсынымдарымен;

бухгалтерлiк есептi ұйымдастыру субъектiлерi бойынша бұйрықтар, нұсқаулықтар, нұсқаулар, есептеу саясатымен жүзеге асырылады.

3. Бухгалтерлiк қызметтердi ұйымдастыру кезiнде барлық субъектiлерде осы стандарт қолданылады.

Бухгалтерлiк қызметтердiң мiндеттерi

4. Бухгалтерлiк қызметтердiң мiндеттерi - басшылықтың және басқарудың жеделдiгi үшiн қажеттi субъект iс-қимылының шаруашылық процестерi мен қаржылық қорытындысы туралы, сондай-ақ бухгалтерлiк есеп ережелерiн жүргiзу және қаржылық есеп берудi құру және қағидаттарын белгiлеудi бухгалтерлiк есептiң стандарттарына сәйкес инвесторлардың, жеткiзушiлердiң, сатып алушылардың, кредиторлардың, мемлекеттiк органдардың, банктердiң және өзге де мүдделi азаматтардың пайдалануы үшiн толық және нақты ақпараттармен қалыптастыруды жүзеге асыру болып табылады.

Бухгалтерлiк қызметтердi ұйымдастыру жұмыстары

5. Бухгалтерлiк есептi ұйымдастырушы субъект - iс-әрекеттiң түрлерiне, шаруашылықтың көлемiне және нақтылы шарттармен;

бухгалтерлiк жұмыстар түрлерiн ұйымдастыруды жеке-дара белгiлеудi;

есептеу саясатын қалыптастыруды;

өндiрiстiк және қаржылық есептердiң қызметтiк ажыратуларын жүргiзудi;

бухгалтерлiк есептi ұйымдастыру үшiн қажеттi шаруашылық операцияларға, сондай-ақ басқа да шешiмдерге бақылау тәртiптерiн дайындауды жүзеге асырады.





Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.