(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау

министрлiгi жүйесiнiң ұйымдарын басқаруды жетiлдiру жөнiндегi

қосымша шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

1998 жылғы 24 наурыздағы N 256 Қаулысы

(ҚР Үкіметінiң 12.03.99 ж. N 233;

10.11.99 ж. N 1678; қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2005 ж. 20 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Мемлекеттiк ұйымдар жүйесiн басқаруды жетiлдiру, ұтымды ету және бюджет қаражатын тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

1. Заңдарда белгiленген тәртiппен мыналар:

1) қосу арқылы:

М.Ж.Дулати атындағы Жамбыл университетi, Жамбыл технологиялық жеңiл және тамақ өнеркәсiбi институты, Жамбыл гидромелиоративтiк құрылыс институты М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттiк университетi болып;

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетi, Ы.Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттiк университетi болып;

М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан гуманитарлық университетi мен Оңтүстiк Қазақстан техникалық университетi М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi болып;

Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм проблемалары институты, Оқу және әдiстемелiк әдебиет жөнiндегi республикалық баспа кабинетi Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм академиясы болып;

Гигиена және кәсiптiк аурулар жөнiндегi ғылыми-зерттеу институты мен Қазақстан эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар жөнiндегi ғылыми-зерттеу институты Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы болып;

Радиациялық медицина және экология жөнiндегi ғылыми-зерттеу институты (Семей қаласы) мен Аймақтық емдеу-диагностика орталығы (Курчатов қаласы) Семей қаласындағы Радиациялық медицина және экология жөнiндегi ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылсын;

2) бөлiп шығару арқылы:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.