(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын

лауазымды адамдарын аттестациялау туралы Ереже Қазақстан

Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен Бекітілді 1998

жылғы 9 наурыз N 150

Осы редакция ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 4 қарашадағы N 325 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

1. Жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды адамдарын аттестациялау туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) көрсетілген адамдарды аттестациялау тәртібін, шарттары мен мерзімдерін реттейді.

2. "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі - "лауазымды адам") нотариаттық іс-әрекеттер жасауға және уәкілетті лауазымды адамы осы іс-әрекеттерді жасауға құқық алу үшін аттестациядан өтеді.

3. Лауазымды адамдарды аттестациядан персоналдық құрамын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін аумақтық аттестация комиссиясы (бұдан әрі - "аттестациялық комиссия") өткізеді.

Аттестациялық комиссияның құрамына лауазымы және келісім бойынша:

1) аумақтық әділет органының бастығы - комиссия төрағасы;

2) аумақтық әділет органы қызметіне сәйкес маман - комиссия хатшысы;

3) облыс Әкімі аппараты заң қызметінің өкілі;

4) судья;

5) нотариус кіреді.

4. Лауазымды адамдарды аттестациялау үшін сұрақтар тізбесінің жобасын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазады және бекітеді.

Сұрақтар тізбесі Әділет министрлігінен аумақтық әділет органдарына аттестация басталардан кем дегенде 30 күн бұрын жіберіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.