(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 11.08.98 Ж. № 759 ҚАУЛЫСЫ

Мемлекеттiң бастамашылығымен банкрот деп танылып, таратылатын

ұйымдардың мүлкiн (активтерiн) сатуға алдын ала дайындау мен

сатудың тәртiбiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

1998 жылғы 11 тамыздағы N 759 қаулысы (ҚР Үкіметінің 07.12.98 ж. N 1251;

05.12.98 ж. N 1244; 24.06.04 ж. N 695 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2004 ж. 24 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiң бастамашылығымен банкрот деп танылып, таратылатын ұйымдардың мүлкiн (активтерiн) сатуға алдын ала дайындау мен сатудың тәртiбi бекiтiлсiн.

2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi



Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

1998 жылғы 11 тамыздағы

N 759 қаулысымен

бекiтiлген



Мемлекеттiң бастамашылығымен банкрот деп танылып,

таратылатын ұйымдардың мүлкiн (активтерiн) сатуға

алдын ала дайындау мен сатудың тәртiбi

Осы Тәртiп қолданылып жүрген заңдарға сәйкес әзiрлендi және сатуға алдын ала дайындаудың, сондай-ақ уәкiлеттi органның атынан мемлекеттiң бастамашылығы бойынша банкрот деп танылып, таратылатын ұйымдардың өндiрiстiк активтерiн сатуға алдын ала дайындаудың, сондай-ақ сатудың шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi.

1. Жалпы ережелер

1. Уәкiлеттi орган бюджет пен бюджеттен тыс қорлардың алдында берешегi бар ұйымдардың тiзбесiне сәйкес банкроттық рәсiмдерiне бастамашылық жасайды. Тiзбе Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi және екi апта мерзiм iшiнде мүлiктi (активтердi) қайта құрылымдау (топтастыру, бөлiктеу), активтердiң немесе активтер топтарының перспективалылығына талдау дайындау жөнiнде ұсыныстар, сондай-ақ оларды сату жөнiнде ұсыныстар енгiзу үшiн Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне жолданады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.