Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау
туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж. 30 желтоқсандағы
N 339-I Заңы
(ҚР 22.02.02 ж. N 297-11 Заңымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 13 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 7 баптар)
2-тарау. Азаматтық және қызметтік қару мен оның (8 - 9 баптар)
патрондарының мемлекеттік кадастры және оларды сертификаттау 3-тарау. Қару мен оның патрондарын әзірлеуді, (10 - 11 баптар)
өндіруді, жөндеуді, сатуды, иемденіп алуды, коллекциялауды, экспонаттауды лицензиялау 4-тарау. Қаруды иелену және пайдалану құқығы (12 - 20 баптар)
5-тарау. Жекелеген қару түрлерінің айналымы (21 - 27 баптар)
6-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, (28 - 29 баптар)
ішкі істер органдарының қару айналымы саласындағы өкілеттігі 7-тарау. Қорытынды ережелер (30 - 33 баптар)
Осы Заң ның аумағында азаматтық, қызметтік, жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қарудың айналымы кезінде туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді және азаматтардың өмірі мен денсаулығын, меншікті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қоршаған орта объектілерін, ресурстарды күзетуге, қылмысқа және қарудың заңсыз таратылуына қарсы күресте халықаралық ықпалдастықты дамытуға бағытталған.
Осы Заңның ережелері оқ-дәрінің (патрондардың) айналымына да қолданылады.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) қару - конструкциялық жағынан алғанда тірі немесе өзге де нысананы зақымдауға, сондай-ақ белгі беруге арналған құрылғылар мен заттар;
2) атыс қаруы - оқ дәрі немесе өзге де заряд қуатының әсері нәтижесінде ұңғы оқпанынан оқты, снарядты, гранатаны ұшырып шығаратын қару;