(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІІМ 1998 Ж. 12 ҚАЗАНДАҒЫ № 343 БҰЙРЫҒЫ

"Қазақстан Республикасында көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк

тiркеуден өткiзу Ережелерiн", "Көлiк құралдарын,

олардың тораптары мен агрегаттарын сатып алуға берiлетiн анықтама

есепшоттың бланкiлерiн қабылдап алу, есепке алу, сақтау

және жұмсау тәртiбi туралы Ережелердi", "Көлiк құралдарын

басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргiзушi

куәлiгiн беру тәртiбi туралы Ережелердi", "Тiркеу құжаттары

мен жүргiзушi куәлiктерiнiң бланкілерiн, көлiк құралдарының

номерлiк белгiлерiн қабылдап алу, есепке алу, сақтау, жұмсау

және ҚР IIМ Жол полициясының тiркеу-емтихан бөлiмшелерiнде

тексерiс өткiзу тәртiбi туралы Ережелердi" бекiту туралы Бұйрық

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 1998 жылғы

12 қазан N 343

Осы редакция ҚР Ішкі Істер министрінің 2002 ж. 1 қазандағы N 632 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы желтоқсанның 21-iндегi N 2707 "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" заң күшi бар Жарлығына және Қазақстан Республикасының 1996 жылғы шiлденiң 15-iндегi N 29 "Жол қозғалысы қауiпсiздiгi туралы" Заңына сәйкес бұйырамын:

1. Қосылып берiлiп отырған:

1) Қазақстан Республикасында көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркеуден өткiзу Ережелерi /қосымшаларымен бiрге/;

2) Көлiк құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын сатып алуға берiлетiн анықтама-есепшоттың бланкiлерiн қабылдап алу, есепке алу, сақтау және жұмсау тәртiбi туралы Ережелер /қосымшаларымен бipгe/;

3) Көлiк құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргiзушi куәлiгiн беру тәртiбi туралы Ережелер /қосымшаларымен бiрге/;

4) Тiркеу құжаттары мен жүргiзушi куәлiктерiнiң бланкiлерi, көлiк құралдарының номерлiк белгiлерiн қабылдап алу, есепке алу, сақтау, жұмсау және ҚP IIM Жол полициясының тiркеу-емтихан бөлiмшелерiнде тексерiс өткiзу тәртiбi туралы Ережелер /қосымшаларымен бiрге/ бекiтiлсiн.

2. Аталмыш Ережелер Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді деп белгіленсін.

3. Облыстардың, Астана мен Алматының ІІБ, ҚІІБ бастықтары:

1) аталмыш Ережелерді жол полициясы мен ішкі істер органдарының басқа қызметтерінің барлық бөлімшелерінде оқып-үйренуді және Ережелерде көзделген қызмет құжаттарын жасауды қамтамасыз етсін;

2) Ережелерге сәйкес тіркеу-емтихан бөлімшелерінің жұмысына бақылау жасауды және кадрлар алмастыру принципін пайдалана отырып, бұл бөлімшелерді неғұрлым білікті мамандармен толықтыруды ұйымдастырсын;

3) облыстардың, Астана мен Алматы ІІБ, ҚІІБ ЖПД жанынан жаңа қосымша тіркеу-емтихан бөлімшелері мен пункттері құрылғанда мұны ҚР ІІМ Жол полициясы департаментімен келіскеннен кейін ғана жүзеге асырсын;

4) бұйрықтың орындалуы үшін жауапкершілік облыстардың, Астана мен Алматы ІІБ, ҚІІБ жол полициясы бөлімшелерінің бастықтарына жүктелсін;

5) Ережелердің мазмұнын жүргізуші кадрлар даярлайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың, оқу мекемелерінің және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып түсіндіру арқылы жұртшылықтың назарына жеткізсін.

4. Жол полициясының департаменті 1998 жылдың екінші жартыжылдығында мың данамен жеке кітапша шығаруды қамтамасыз етсін.

5. ҚР ІІМ-нің 1996 жылғы маусымның 24-індегі N 217 бұйрығының күші жойылды деп есептелсін.

6. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Жол полициясы Департаментіне жүктелсін.

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі Ішкі істер

әскерлерінің қолбасшысы

генерал-лейтенант



Көлiк құралдарын басқару құқығын алудың,

емтихан қабылдаудың және азаматтарға жүргiзуші куәлiгiн

берудiң тәртiбi туралы

Ережелер

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының барлық заңды тұлғалары мен азаматтары үшiн, сондай-ақ республика территориясында жүрген немесе тұратын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдар үшiн бiрегей әрi міндеттi болып табылады, көлiк құралдарының категориясын, сондай-ақ емтихан қабылдаудың, азаматтарға жүргiзушi куәлiгiн бepyдің және жүргiзушiлердi көлiк құралдарын басқаруға жiберудiң тәртiбiн белгiлейдi<1>. ______________

<1> Көлiк құралдарының анықтауы 1997 жылғы 25 қарашада енгiзiлген Жол қозғалысы ережелерiнде келтiрiлген.

2. Барлық көлiк құралдары олардың типiне, қажеттiгiне және оларды басқару ерекшелiгiне орай "А", "В", "С", "Д", "E", трамвай, троллейбус категорияларына бөлiнедi, оларды басқаруға тиiстi графаларына рұқсат ету белгiсi соғылған немесе көлiк құралының категория атауына сәйкес штамп қойылған бiрегей жүргiзушi куәлiгi берiледi<2>. ______________

<2> Бұдан әрi - "...категориялы куәлiк".

3. "А", "В", "С", "Д", "E" графаларында рұқсат ету белгiсi бар жүргiзушi куәлігiне ие адамдар мыналарды басқара алады:

"А" - мотоциклдарды, мотороллерлердi және басқадай мотокөлiк құралдарын;

"В" - толық салмағы 3500 кг<3> аспайтын және жүргiзушiнің орнынан басқа отыратын орындар саны сегiзден аспайтын автомобильдердi; ______________

<3> Салмақтың анықтауы Жол қозғалысы ережелерiнде келтiрiлген.

"С" - толық салмағы 3500 кг асатын жүк автомобильдерiн;

"Д" - жолаушылар тасымалдауға арналған және жүргiзушiнің орнынан басқа сегiз орындықтан артық орны бар автомобильдердi;

"Е"-"В"-"С" немесе "Д" категориялы көлiк құралдарына жататын және жүргiзушi оларды басқаруға құқы бар тiркемелi көлiк құралдарын.

Трамвайдың жүргiзушiсiне тек қана трамвайды, троллейбустың жүргiзушiсiне тек қана троллейбусты жүргiзуге рұқсат етiледi.

Ескерту: Жолаушылар тасымалдауға арналған автомобильдерге жататындар:

- барлық кластағы автобустар және адамдар (вахталық бригадалар) тасу үшiн қайта жабдықталған және жасаушы завод жағдайында сериялық тәртiппен жасалған тиiстi сиымдылықтағы автофургондар, сондай-ақ сегiз адамнан артық таситын жүк автомобильдерi жатады;

- "В", "С" немесе "Д" категориялы көлiк құралдарының жүргiзушiлерiне оларды толық салмағы 750 кг аспайтын тiркеме болғанда да басқару құқы берiледi. "С", "Д" категориялы көлiк құралдарын толық салмағы 750 кг асатын тiркемесi болғанда, сондай-ақ ұзартылған автобустарды жүргiзгенде жүргiзушi куәлiгiнде "E" категориясына рұқсат етiлген белгi болуы қажет. Ал ұзартылған троллейбусты жүргiзгенде жүргiзушi куәлiгiнде оны басқаруға құқық беретiн белгi және екiншi кластан төмен емес куәлiк болуы керек.

4. Емтихан қабылдауды, азаматтарға жүргiзушi куәлiгiн берудi және "А", "В", С", "Д", "E" категориялы көлiк құралдарын, сондай-ақ трамвай, троллейбусты басқаруға жiберудi Қазақстан Республикасы IIM Жол полициясының тiркеу-емтихан бөлiмшелерi icке acырады<4>. ______________

<4>Бұдан әрi - ЖП бөлiмшелерi.

5. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердi даярлауды және қайта даярлауды ведомстволық бағыныштылығына және меншiк түрiне қарамастан қызметi тиiстi заңға сәйкес оқу орындары Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi ҚР IIM Жол полициясы департаментiмен<5> келiсе отырып жасаған бiрегей оқу жоспары және типтi бағдарлама бойынша iске асырады. ______________

<5>Бұдан әрi - ЖПД.

6. Жүргiзушiнiң даярлаудан және қайта даярлаудан өткенiн растайтын құжат ҚР Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi бекiткен "Көлiк құралдары жүргiзушiлерiн даярлайтын курсты бiтiргенi туралы куәлiк" болып табылады (11-қосымша).

2. Көлiк құралдарын басқару құқын алудың тәртiбi

7. "А", "В", "С", "Д", "E" категориялы көлiк құралдарын, трамвай, троллейбусты басқаруға құқық алғысы келген адам оқу ұйымдарында даярлықтың толық курсын өтуге, ал оқу басталғанға дейiн ҚP Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi белгiлеген тәртiп бойынша медициналық тексерiстен өтуге мiндеттi (1-қосымша).

8. Автомобиль, трактор мамандығы бойынша жоғары немесе орта арнаулы оқу орнын бiтiрген адамдарға "А", "В", "С" категорияларына жататын көлiк құралдарын жүргiзу құқы берiлуi мүмкiн, ол үшiн дипломның көшiрмесiн, дипломның қосымшасын, семестрлiк және емтихандық ведомостардың тиiстi көшiрмелерiн ұсыну және тиiстi категория бойынша ЖП бөлiмшелерiнде теориялық және практикалық емтихан тапсыру қажет.

Ескерту: Бұл ереже оқу ұйымдары оқу курсын типтiк бағдарламамен және тиiстi органдарда келiсiлген көлемнен кем емес жағдайда оқытқанда күшiн сақтайды.

9. ЖП бөлiмшелерi көлiк құралдарын басқаруға құқық алу үшiн емтихан тапсыруға, көлiк құралын басқару құқының куәлiгiн беруге тұрғылықты жерi бойынша тiркелген азаматтарды, сондай-ақ келген жерiндегi iшкi iстер органдарында тиiстi тәртiппен тiркелген шетелдiк азаматтарды жiбередi.

Барлық әскер түрлерiнiң әскери қызметшiлерi емтиханға әскери бөлiмшенiң тұрған жерiнде жiберiледi.

10. "А", "В", "С", "Д" категорияларына жататын көлiк құралдарын басқару құқының жүргiзушi куәлiгi ЖП бөлiмшелерiнде теориялық және практикалық емтихандарды, "Е" категориясына - практикалық емтихан, ал трамвай немесе троллейбус басқаруға теориялық емтихан тапсырғандарға берiледi.

Теориялық емтихан тапсырғанда Жол қозғалысы ережелерi мен жол қозғалысы қауiпсiздiгiне қатысты және оқу бағдарламасында көзделген басқа пәндерден бiлiмi тексерiледi. Практикалық емтихан кезiнде жүргiзушiнiң тиiстi категориядағы көлiк құралын жүргiзу тәжiрибесi тексерiледi.

11. Көлiк құралын басқару құқы мыналарға берiлуi мүмкiн:

- он алты жасқа толғандарға - мотоцикл, мотороллер және басқадай мотокөлiк құралдарын жүргiзуге ("А" категориясы);

- он сегiз жасқа толғандарға - рұқсат етiлген салмағы 3500 кг аспайтын және отыратын орны жүргiзушiнi қоспағанда сегiзден аспайтын автомобильдердi ("В" категориясы), cондай-ақ рұқсат етiлген ең жоғары салмағы 3500 кг асатын автомобильдердi ("С" категориясы) жүргiзуге;

- жиырма жасқа толғандарға - жолаушы тасымалдауға арналған және отыратын орны жүргiзушiден басқа сегiзден артық автомобильдердi ("Д" категориясы), трамвайды және троллейбусты жүргiзуге;

- "В"-"С" немесе "Д" категориялы көлiк құралдарын басқару құқы бар адамдарға тиiстi категориядағы көлiк құралын кемiнде 12 ай жүргiзген стажы болғанда тiркемелi көлiк құралдарын жүргiзуге ("Е" категориясы).

12. "С" немесе "Д" категориялы жүргiзушi куәлiгi бар әйелдер көтерiмдiлiгi мен жолаушылар сиымдылығы Қазақстан Республикасының күшiндегi заңдарында белгiленген нормалардан аспайтын жүк автомобилiн немесе автобусты басқаруға жiберiледi.

13. "Е" категориялы көлiк құралдарын басқару құқы "В"-"С" немесе "Д" немесе "В"-"С"-"Д" графаларында рұқсат ету белгiсi бар куәлiгi болғанда (тиiстi автокөлiк құралдарындағы жұмыс стажы бiр жылдан кем болмауы керек), оқу орындарында тиiстi бағдарламамен қайта даярлықтан өткен және ЖП бөлiмшелерiнде тiркемелi көлiк құралымен практикалық емтихан тапсырғандарға берiледi.

Мұндай жағдайда "В"-"С"-"Д" графаларында рұқсат ету белгiсi бар жүргiзушiлер практикалық емтиханды ұзартылған автобустарда тапсырады.

Ескерту: Ұзартылған автобус жоқ жерде емтихан тiркемелi көлiк құралдарында тапсырылады.

14. "Д" категориялы көлiк құралын басқару құқы "С" немесе "В"- "С" категориялары бар (жұмыс стажы бiр жылдан кем емес) тиiстi бағдарлама бойынша даярлықтан өтiп, теориялық және практикалық емтихандарды тапсырғандарға берiледi.

Жұмыс стажын растайтын құжат болып жұмыс орнынан берiлген анықтама немесе көлiк құралының тiркеу құжаты (нотариалдық кеңсе берген көлiк құралын басқару құқы жөнiнде сенiмхат) табылады.

Ескерту: Жүргiзу дағдысы бойынша емтихан оқу ұйымы ұсынған автобуста және тiркемелi көлiк құралдарында қабылданады.

15. "А" категориялы көлiктi басқару құқы "В", немесе "С" немесе "В"-"С", немесе "В"-"С"-"Д" категориялары бар жүргiзушiлерге практикалық емтихан тапсырғаннан кейiн берiледi.

16. Барлық көлiк жүргiзушiлер оларды басқаруға ҚР Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi белгiлеген мерзiм мен тәртiп бойынша мiндеттi медициналық тексерiстен өткен соң ғана жiберiледi.

Жол полициясының лауазымды адамдары, автокөлiк кәсiпорнының басшылары жүргiзушiнiң денсаулығы күдiк келтiрген жағдайда оны мерзiмiнен бұрын дәрiгерлiк қайта тексеруге жiберуi мүмкiн.

Егер жүргiзушi одан өткiсi келмесе немесе дәрiгерлiк комиссия оны көлiк басқаруға жарамсыз деп тапса, онда оның куәлiгiн ЖП қызметкерлерi белгiленген тәртiп бойынша алады.

Ескерту: Жүргiзушiлердi медициналық қайта тексеруге жiберу туралы шешiмдi ЖП басқарма, бөлiм және бөлiмше бастықтары, ал ЖП бөлiмi болмағанда - iшкi iстер органдарының бастықтары және оның орынбасарлары шығарады.

17. Жүргiзушiлердi көлiк жүргiзу құқынан айыру күшiндегi тиiстi заңға сәйкес жасалады. Куәлiктi қайтару олардан айыру мерзiмiне қарамай теориялық және практикалық емтихандар тапсырылғаннан кейiн қайтарылады, ал мас болғаны үшiн куәлiгi алынғандар мiндеттi медициналық тексерiстен өтедi. Мұндай кезде практикалық емтихан жүргiзушi құқық жоғалтқан көлiктен жоғары категориялы көлiкте қабылданады.

3. Емтихан қабылдау және жүргiзушi куәлiгiн беру тәртiбi

18. Көлiк құралдарының барлық категорияларын басқару құқына теориялық және практикалық емтиханды ЖП бөлiмшелерiнің емтихан комиссиясы қабылдайды.

19. Емтихан қабылдайтын комиссияның құрамында кемiнде үш адам болуы керек. Оның құрамын тiркеу-емтихан бөлiмшесiнiң бастығы тағайындап, оған:

* ЖП бөлiмшесiнiң қызметкерi (комиссия төрағасы);

* жүргiзушiлердi даярлаумен айналысатын оқу орнының, автокөлiк кәсiпорнының, әскери комиссариаттың және қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi (комиссия мүшелерi) кiредi.

Емтихан комиссиясының құрамына сыналатын топты даярлауды жүргiзген оқытушылар мен өндiрiстiк шеберлердi енгiзуге тыйым салынады.

20. Емтихан комиссиясының мүшелерi Жол қозғалысы ережелерiн, емтихан қабылдаудың әдiстемесiн бiлуi керек және оның:

- автомобиль мамандығы бойынша жоғары немесе орта арнаулы бiлiмi;

- олар емтихан алатын категория бойынша жүргiзушi куәлiгi;

- осы лауазымы бойынша жұмыс стажы, сондай-ақ үш жылдан кем емес жүргiзушiлiк стажы болуы керек.

21. Оқу орнында оқығандардан емтихан жағдайға байланысты сол жерде, сондай-ақ емтихан комиссиясы орналасқан жерiнде бұдан бұрын өткен айдың 25-iнен кешiкпей берiлген тапсырысқа сәйкес қабылданады.

22. Жүргiзушiге кандидат көлiк құралын басқару құқына жүргiзушi куәлiгiн алу үшiн ЖП бөлiмшесiне немесе ЖП-ның емтихан комиссиясына мыналарды ұсынады:

- дипломның көшiрмесi, семестрлiк және емтихандық ведомостардың немесе дипломға қосымшаның көшiрмесi (8 тармақта көрсетiлген адамдар үшiн);

- тиiстi көлiк құралына даярлық бағдарламасы бойынша оқығаны туралы куәлiк;

- 3.5 x 4.5 см. көлемдегi фотосурет.

23. Жүргiзушi куәлiгiн алуға емтихан тапсырар алдында жүргiзушi карточкасы толтырылып (2-қосымша), ол паспортпен немесе оның орнына жүретiн құжатпен бiрге емтихан комиссиясына ұсынылады.

24. Емтихан мынадай кезекпен өткiзiледi: алдымен теориялық, сосын практикалық. Теориялық емтиханды тапсыра алмағандар практикалық емтиханға жiберiлмейдi. Теориялық және практикалық емтиханды алудың әдiстемелерi 12, 13-қосымшаларда баяндалған.

25. Оқу орнында көлiк құралын басқару құқына даярлықтан өткендер үшiн теориялық та, практикалық та емтихан екiншi рет кем дегенде 7 тәулiктен соң, ал 8-тармақта көрсетiлген адамдар үшiн - 10 тәулiктен кейiн өткiзiледi.

Ескерту: Басқа жерге немесе әскери қызметке, оқуға, ұзақ iссапарға (3 айдан артық) кететiндер үшiн бұл тиiстi құжатпен расталғанда ерекшелiк ретiнде екiншi емтихан 5 тәулiктен кейiн алынуы мүмкiн.

Басқадай жағдайларда емтихан мерзiмi реттелмейдi, бiрақ ол бiр тәулiктен кем болмауы керек.

Теориялық емтиханда алынған баға үш айға дейiн күшiн сақтайды. Осы уақыт өткеннен кейiн жүргiзушiге кандидатқа қайтадан теориялық емтихан белгіленедi.

26. Жол қозғалысы ережелерi бойынша емтихан карточкалары мен практикалық жүргiзудің нәтижелерi хаттамамен бекiтiлiп (4 қосымша), оған емтихан қабылдауға қатысқан комиссия мүшелерiнiң барлығы қол қою керек.

27. Теориялық және практикалық емтихандарды тапсырған адамдарға хаттама негiзiнде жүргiзушi куәлiгi берiлiп, оның мәлiметтерi номерлер ретiмен есеп кiтабына (3-қосымша) және жүргiзушi карточкасына жазылады.

28. Жүргiзушi куәлiгiн толтыру қара пастаны пайдаланып қолмен жазылады немесе компьютерде басылады.

29. Жүргiзушi куәлiгiнiң берiлуi мен дұрыс толтырылуын комиссия төрағасы тексерiп, оған қол мен мөр қойып растайды. Жүргiзушi куәлiгiн берген кезде оның номерi, сериясы, берiлген күнi мен оны берген бөлiмше оқу ұйымын бiтiргенi туралы куәлiкке жазылады. Жазулар мөрмен расталады.

30. Жүргiзушi куәлiгiне рұқсат етiлген көлiк категориясының графасына "Рұқсат етiлдi" деген штамп қойылады. Рұқсат етiлмеген басқа графаларға көлденең сызығы бар штамп қойылады.

31. Жүргiзушi куәлiгi он жылға берiледi (бұл туралы "... дейiн жарамды" немесе "Ерекше белгiлер үшiн" графаларында тиiстi жазу жазылады), сол мерзiм бiткенде осы Ережелердегi тәртiп бойынша айырбастауға жатады.

Ескерту: Медициналық қайта тексеруден өту мерзiмiне шектеуi бар жүргiзушiлер шетелге шыққанда куәлiгiне басқа мерзiм қойылады.

32. Трамвай, троллейбус, мотоколяска жүргiзуге құқық беретiн куәлiк алғанда, оның "Ерекше белгiлер үшiн" графасына тиiстi көлiк құралының категориясына сәйкес жүргiзуге рұқсат белгiсi қойылады. Осы графаға басқадай шектеулер мен нұсқаулар қойылуы мүмкiн.

33. Медициналық комиссия қайта тексеру мерзiмiне шектеу қойған адамдарға куәлiк бергенде "Ерекше белгiлер үшiн" графасына "Мед. анықтама мiндеттi" деген штамп басылады.

34. Арнайы оқу орындарын (лицей, техникалық мектеп, колледж және оқу-өндiрiс) бiтiрген, сондай-ақ көлiк жүргiзушілігiне (16 жасқа толғандарға - мотоцикл, мотороллер және басқа да мотокөлiк құралдары - "А" категориясы, 18 жасқа толғандарға - толық салмағы 3500 кг аспайтын және жүргiзушiнiң орнынан басқа отыратын орындар саны сегiзден аспайтын автомобильдердi - "В" категориясы, сондай-ақ "Д" категориясына жатпайтын рұқсат етiлген толық салмағы 3500 кг асатын автомобильдердi - "С" категориясы) оқыту үшiн Қорғаныс министрi тартқан әскер қатарына шақырылатындар ЖП-да емтихан тапсыруға оқу бiтісiмен жiберiледi.

35. Басқа категориялы көлiк құралын басқаруға рұқсат алғанда жаңа куәлiк берiлiп, оған бұрынғысындағы қажет белгiлер көшiрiп жазылады.

36. Жүргізуші куәлігі оның иесіне есеп кітабына қол қойып, паспортын не оның орнына жүретін құжатын сондай-ақ жүргізуші куәлігін әзірлеу үшін ақы төлеуді растайтын құжатты көрсеткенде беріледі.

Ескерту: 36-тармақ толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 28 қазан N 762 бұйрығымен. (Бұйрық 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.)

37. Жүргiзушi куәлiгiн дайындау мен есепке алуды автоматтандыру жүйесiне көшiргенде, олардың тәртiбi 1996 жылғы 28 ақпандағы N 93 ҚР Iшкi iстер министрiнiң бұйрығындағы 3- және 4-қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады.

38. Жүргiзушiнi куәлiгiнен айырғанда, оның орнына берiлетiн уақытша рұқсат тиiстi көлiк құралын жүргiзушi куәлiгi алынған күннен бастап 30 тәулiк бойына басқаруға құқық бередi.

Қажет болғанда уақытша рұқсаттың мерзiмiн Жол қозғалысы ережелерiнің бұзылған немесе көлiк құралының тұрақты (уақытша) тiркелген жерiнде орналасқан ЖП лауазымды адамы ұзарта алады.

39. Бас бостандығынан айрылған, бiрақ сот көлiк құралын жүргiзу құқынан айырмаған жүргiзушi куәлiктерi еңбекпен түзеу мекемесi әкiмшілігiнің сұрауы бойынша жазасын өтеп жатқан жердегi ЖП бөлiмшесiне күшiне енген үкiмнің не сот қаулысының негiзiнде қайтарылуы мүмкiн.

4. Жүргiзушi куәлiктерiн ауыстыру және жоғалғандарының

орнына бepy сондай-ақ оларды шетел азаматтарына

ауыстыру мен берудiң тәртiбi

40. Жүргiзушi куәлiгi өтiнiш (5-қосымша), тиiстi категорияны жүргiзуге жарамдылығы жөнiнде қол қойылған анықтама, жүргiзушi карточкасы немесе жүргiзушi куәлiгiн берген ІІБ ЖП-ның растауы болған жағдайда ауыстырылады. "Д" категориясы бар куәлiктi "В" және "С" барына немесе "С"-ны "В"-ға ауыстыру ЖП-да практикалық емтихан тапсырылған соң ғана жүргiзiледi.

41. Бұрындары берiлген куәлiктердi немесе "Жалдану бойынша жұмыс iстеу құқығы жоқ" штампысы қойылғандарын, сондай-ақ жарамсыздарын ауыстыру осы Ережелердiң 40 тармағына сәйкес iске асырылады.

42. Жаңа куәлiк берiлгенде оның "Ерекше белгiлер үшiн" графасына бұрынғы куәлiктiң сериясы, номерi және берiлген күнi жазылады.

43. "Дубликат" белгiсi бар жаңа жүргiзушi куәлiгi бұрынғысы жоғалған жағдайда тұрғылықты тұратын жерiнде тiркелген немесе тiркеусiз уақытша тұратын жерi бар азаматтарға өтiнiштiң, жүргiзушi карточкасының, медициналық анықтаманың, ал қажет болғанда - оқу ұйымын бiтiргенi туралы куәлiгiн ұсынғанда немесе бұрынғы куәлiктi берген ІІБ ЖП-ның растауы негiзiнде берiледi.

44. Жүргiзушi куәлiгiнiң дубликаты дайындалғанша бiр ай мерзiмге талон берiледi. Қажеттi жағдайда (сұрау салу және оған жауап алу, куәлiктiң жоғалуына байланысты жағдайлар анықталғанша) ол талон үш айға дейiн ұзартылуы мүмкiн. Азаматтарға мұндай талон теориялық және практикалық емтихандарды тапсырған соң берiледi. Талонға жүргiзушi куәлiгiнiң сериясы мен номерiнiң орнына "Жоғалған куәлiктiң орнына берiлдi" деп жазылып, екiншi бетiнiң төменгi жағына жарамдылық уақыты көрсетiледi.

45. Куәлiктiң дубликаты дайындалғанша берiлетiн талон мен жүргiзушi куәлiгi дубликат берiлгеннен кейiн материалдарға тiгiледi.

46. Халықаралық жүргiзушi куәлiктерi Қазақстан Республикасы ауқымында жарамды. 1968 жылғы 8 қарашадағы Жол қозғалысы туралы Конвенция талаптарына сәйкес берiлген ұлттық жүргiзушi куәлiктерi олардың аудармасы болған жағдайда Қазақстан Республикасы аумағында жарамды.

47. Жол қозғалысы туралы Конвенцияның талаптарына сай келмейтiн ұлттық жүргiзушi куәлiктерi ҚР аумағында, егер халықаралық келiсiмдер қосымша түсiнiк бермесе, мiндеттi түрде ауыстырылуы керек.

Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқтардың куәлiктерiн айырбастау Жол полициясының бөлiмшелерiнде куәлiктің түпнұсқасы мен оның мемлекеттiк тілде расталған аудармасы, iшкi iстер органдарында тiркелген паспорты негiзiнде медициналық тексерiстен өткеннен кейiн және ЖП-да теориялық және практикалық емтихандарды тапсырған соң берiледi. Бұл кезде ұлттық жүргiзушi куәлiгiнде рұқсат етiлген категориядағы куәлiктер берiледi. Мұндайда ұлттық жүргiзушi куәлiгiндегi көлiк құралдарының категорияларын басқаруға рұқсат етiлген және Жалпы ережелердiң 3 тармағындағы талаптарға сай келетiн (елге кiру құжаттары күшiн сақтайтын мерзiмдегi "Д" категориясынан басқа) жүргiзушi куәлiгi берiледi. Ұлттық жүргiзушi куәлiгi ЖП бөлiмшелерiнде сақталып, оның иесi өз елiне қайтарда өтiнiшi бойынша және бұрын берiлген Қазақстан Республикасының жүргiзушi куәлiгiн тапсырғанда қайтарылып берiледi.

48. Қазақстан Республикасындағы шетелдiк дипломатиялық, консулдық және басқа да өкілдiктердің қызметкерлерiнің жүргiзуші куәлiктерiн айырбастау тәртiбiн Қазақстан Республикасы Сыртқы және Iшкi iстер министрлiктерi белгiлейдi.

49. Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқтардың ұлттық жүргiзушi куәлiгi болмағанда, Қазақстан Республикасының жүргiзушi куәлiгi олардың болу мерзiмi 6 айдан асатын болса, жалпы негiзде берiледi.

50. Шетелдердегi Қазақстан Республикасының азаматтары сол елдердегi Жол қозғалысы Конвенциясының талаптарына сай жүргiзушi куәлiгi, сондай-ақ халықаралық жүргiзушi куәлiгi болса, оларды медициналық тексерiстен өткен соң және ЖП бөлiмшелерiне көрсетiлген жүргiзушi куәлiктерiн (расталған аудармасы бар) ұсынғанда, Қазақстан Республикасының тиiстi жүргiзушi куәлiгiне айырбастай алады.

51. Шетелде Жол қозғалысы Конвенциясының талаптарына сай келмейтiн сол елдiң ұлттық жүргiзушi куәлiгiн алған Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының тиiстi жүргiзушi куәлiгi медициналық тексерiстен өткеннен кейiн, расталған аудармасы бар ұлттық жүргiзушi куәлiктерiн ЖП бөлiмшесiне ұсынғаннан кейiн, сондай-ақ теориялық және практикалық емтихандарды тапсырғаннан кейiн берiледi.

52. Қазақша немесе орысша бiлмейтiн шетел азаматтары теориялық және практикалық емтихан тапсыруға маман аудармашылар арқылы қатысып, олар туралы мәлiметтер комиссияның хаттамасына енгiзiледi. Мұндайда әдетте теориялық емтихан ауызша тапсырылады да, оның уақытына шек қойылмайды.